Новости

11.05.2023

Бизнеске қойылатын орынсыз талаптар әлі де бар

1103

Талдау қорытындысы бойынша 38 салада 105 989 талап анықталды

Қазақстанда бизнес қауымдастыққа қойылатын талаптар тізілімі жаңартуды қажет етеді. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов бизнеске қойылатын орынсыз талаптарды атады, деп хабарлайды Halyq Uni

Еске сала кетейік, 2021 жылы Қазақстанда Кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеуші саясат мәселелері жөніндегі заң қабылданды. Аталған заңға сәйкес, барлық талаптар адам өмірі мен денсаулығы, экология, құқықтық тәртіпке қатысты туындайтын тәуекелдерді ескере отырып, бизнеске қойылатын  талаптардың «таза парақтан» қайта жазылуы керектігін көрсетті. Бұл талаптар ашық, нақты әрі бизнеске түсінікті болуы керек деген қағиданы негізге алды. 

Сондай-ақ бұл заңға сәйкес, барлық мемлекеттік органдар 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін ведомствоаралық комиссияға келіп, бизнеске қоятын әрбір талапты дәлелдеуге тиіс. Бұған қоса әр талаптың жарамдылық мерзімі шектеулі болады, реттеушілер, айталық, 7 жылда бір рет келіп, олардың талабы әлі де өзекті екенін дәлелдеуі керек. Биыл елімізде бизнеске қатысты жаңа реттеу саясаты енігізіліп, міндетті талаптар тізілімінің жарияланған болатын. 

«Атамекен» ҰҚК мәліметінше, оны мемлекеттік органдар өздігінен іске асырып отыруы үшін оларды қалай ынталандырылатыны түсініксіз. Себебі бұл талап олардың мүдделеріне қайшы келеді. 

Сондықтан кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін құру туралы шешім қабылданды. Барлық мемлекеттік органдар бизнеске қойылатын талаптарды тізілімге енгізуге міндетті. Егер қандай да бір талап тізілімде болмаса - құқықтық «гильотина» автоматты түрде іске қосылады. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік орган осы талаптың орындалуын тексеру және оны орындамағаны үшін жазалау құқығынан айырылады. Егер 2023 жылдан бастап талап Тізілімге енгізілмесе, онда ол бойынша Мемлекеттік орган  бизнесті тексере алмайды, сәйкесінше талап орындалмаған жағдайда жазалай да алмайды. Талап тізілімде болмаса, жазалау да болмайды, – дейді кәсіпкерлер палатасы. 

Сондай-ақ Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов өңірлердегі бизнестің көтерген ақылға қонымсыз нормалары туралы атап өтті. 

Бизнес-омбудсменнің пікірінше, ел ішіндегі, экспорттық және импорттық қатынастарда теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауда қиындықтар жиі туындайды. Нақтылап айтсақ, кәсіпкерлер жүктерді жеткізу мерзімдерінің  сақталмауына, поездар қозғалысының жиі кейінге қалдырылуы, кейбір бағыттар бойынша жүктерді тасымалдауға конвенциялық тыйым салынуы мен ҚТЖ маневрлік локомотивтерінің тапшылығына шағым айтады.

Сонымен қатар, электрондық шот-фактураларды жаппай негізсіз бұғаттау мәселесі де өзекті болып отыр. Салық органдары ЭШФ талдауы негізінде камералдық бақылау қорытындылары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жаппай жасайды, бұл ретте бизнестің дәлелдері назарға алынбайды. 

Мәселен, балық өнімдеріне еурокод алудың мүмкін еместігі де ақылға қонымсыз норманың бірі. Өйткені, бізде балық өнімдерін экспорттауға өнімді жіберу үшін кәсіпорынның сәйкестігін анықтау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган жоқ. Ал Еуропалық одақ тізіліміне енгізу үшін еурокод алмай экспорттау мүмкін емес. Көріп отырғанымыздай, бизнес көтерген көптеген бұл мәселелер мұқият талдауды қажет етеді, өйткені олар «таза парақтан» реттеу саясатына сәйкес келмейді, – деп қосты палата. 

«Атамекен» ҰКП бұл мәселелердің реттеу үшін Үкіметпен бірлесіп кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясатты енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 44 саланың 38-де талдау бойынша жұмыс аяқталды. Талдау қорытындысы бойынша 38 салада 105 989 талап анықталыпты, оның ішінде 9 838 талап (9,3 %) жаңа реттеуші саясаттың базалық шарттарына сәйкес келмейді және жойылады немесе қайта қаралады.

 Айнұр Шошаева

«...Следует всячески поддерживать отечественный бизнес, так называемую национальную буржуазию, а тех, кто препятствует его развитию необоснованными проверками, поборами, рейдерством, нужно строго наказывать...».

Выступление Главы государства К. Токаева
на расширенном заседании Правительства,
15 июля 2019 г.

Журсунов Р.М.

Уполномоченный по защите прав предпринимателей РК

Блог Уполномоченного по защите прав предпринимателей Казахстана создан для того, чтобы у Вас была возможность напрямую обратиться ко мне и я надеюсь, что он будет способствовать конструктивному диалогу между нами - пишите отклики, делитесь мнениями, вносите предложения. Все ваши комментарии обязательно будут прочитаны мной.

Партнеры

Национальная палата предпринимателей РК «Атамекен»
Генеральная прокуратура
Инструкция
Электронное правительство
Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан