Сенат ұсынымдар

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Заң үстемдігі инвестициялық ахуалды жақсартудың және инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың негізі ретінде» тақырыбында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен кездесудің қорытындысы бойынша
ҰСЫНЫМДАР

 

Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты
2025 жылғы 09 желтоқсан 

Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайларды одан әрі жақсарту, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік қысымды төмендету мақсатында кездесуге қатысушылар келесіні ҰСЫНАДЫ: 

  1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына:

    1.1. Бизнеске негізсіз қысымның алдын алудың негізгі құралы ретінде «Прокурорлық сүзгі» тетігін кеңейтуді және институционалдық нығайтуды жалғастыру;

Елдің инвестициялық тартымдылығын нығайту мақсатында «Прокурорлық сүзгі» тетігін одан әрі жетілдіру жөніндегі мынадай шараларды қарастыру ұсынылады:

- адами факторды барынша қоспай отырып, прокуратураның ақпараттық жүйелерінде келісу үдерісін толық автоматтандыру мен цифрландыруды қамтамасыз ету мәселесін зерделеу;

- мемлекеттік орган бастамашылық ететін тексерулердің негізділігін талдау кезінде прокурор басшылыққа алатын инвестициялық жобаны бағалаудың бірыңғай тексеру парағын (өлшемшарттарын) әзірлеу және енгізу.

  1.2. Кәсіпкерлік субъектілері мен инвесторларға қатысты тексерулерді, әкімшілік және өзге де шектеу шараларын келісудің бірыңғай тәжірибесін қамтамасыз ету мәселесін қарау;

  1.3. Дәлелденген пиғыл пен нақты залал болмаған кезде азаматтық-құқықтық және шаруашылық дауларды қылмыстық-құқықтық жазықтыққа ауыстыруға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау;

1.4. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулыларды жоюы үшін белгілі бір негіздер бойынша қылмыстық қудалауды бірнеше рет және негізсіз қайта бастауды болдырмайтын бұлтартпау мерзімдерін заңнамалық белгілеу мүмкіндігін қарау;

1.5. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін алты айдан астам ұзартуға заңнамалық шектеу енгізуді қарастыру, дәлелді және құжатпен расталған негіздеме болған кезде істің ерекше күрделілігі болған жағдайларда ғана мұндай ұзартуға жол беру;

1.6. Толыққанды тергеп-тексеру басталғанға дейін алдын ала процестік тексеру жүргізуді көздейтін экономикалық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің екі сатылы моделін енгізуді қарастыру;

1.7. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде мәліметтерді негізсіз тіркеуді жедел жоюдың тиімді іс жүргізу тетігін енгізу, сондай-ақ бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың алдын алу мақсатында кәсіпкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы негізсіз іс жүргізу шешімдерін қайта қарау туралы мәселені қарау;

1.8. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге қылмыстық процестің кез келген сатысында, оның ішінде ҚР ҚПК 66-бабының тәртібімен қорғаушы мәртебесінде кәсіпкерлердің өтініштері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына қол жеткізу құқығын беру мүмкіндігін қарастыру. 

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне:

    2.1. Адал салық төлеушілерді қолдауға және бизнестің әкімшілік шығындарын азайтуға бағытталған салықтық әкімшілендірудің сервистік моделін іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ету мәселесін қарастыру;

    2.2. Салықтық есептілігін алдын ала толтыру мен автоматтандыруды, сондай-ақ салық төлеушілерді хабардар етуді/ салық төлеушілерге хабар беруді кеңейтуді қоса алғанда, салықтық цифрлық сервистерді дамытуды жалғастыру;

    2.3. Құқық қолдану тәжірибесінде салық заңнамасының нормаларын кеңейту түсіндіруге жол бермеуді қамтамасыз ету жөніндегі мәселені зерделеу;

    2.4. «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен бірлесіп, салық реформаларының іскерлік ахуалға ықпалына тұрақты мониторинг жүргізу. 

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне:

    3.1. Кәсіпкерлік қызметке қатысты нормативтік құқықтық актілердің барлық жобаларына реттеушілік әсерді талдауды қолдану жөніндегі мәселені қарастыру;

    3.2. Реттеушілік әсерді талдау мен әкімшілік әділеттің әрекеттерінен реттеудің жекелеген салаларын негізсіз алып тастауды болдырмау жөніндегі мәселені қарастыру;

    3.3. Реттеушілік әсерді талдаудың артық және пропорционалды емес мемлекеттік реттеуді алдын алудың нақты құралы ретіндегі рөлін күшейту мәселесін қарастыру;

    3.4. 2030 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасын әзірлеу және өзектендіру барысында бизнесті жүргізу жағдайларының болжамдылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі мәселені қарастыру;

3.5. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау өлшемшарттары тиімділігінің түйінді көрсеткіштеріне енгізу жолымен уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін бағалау жүйесін жетілдіру мәселесін қарау;

3.6. Қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен негізділігін бағалау мақсатында соттардың кәсіпкерлік субъектілерінің пайдасына күшін жойған мемлекеттік органдардың әкімшілік актілерінің санына тұрақты мониторинг пен талдауды қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыру. 

  1. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігіне:

    4.1.  Кәсіпкерлік және инвестициялық қызметке байланысты істер бойынша сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету жөніндегі мәселені қарастыру;

    4.2. Бизнес үшін неғұрлым сезімтал істер санаттары бойынша түсініктемелерді қалыптастыру және жариялау мүмкіндігін қарастыру. 

  1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне:

    5.1. Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны одан әрі дамытуды және функционалдық толықтыруды қамтамасыз ету жөніндегі мәселені қарастыру;

    5.2. «Жасыл дәліз» тетіктерін пайдалануды күшейту және инвесторларды «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеу мәселесін қарастыру;

    5.3. Инвестицияларды қорғау және көтермелеу туралы екіжақты келісімдер жасасу жөніндегі жұмысты жалғастыру. 

  1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл мен «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына:

    6.1. Құқық қолданудың жүйелі проблемаларын анықтау бойынша талдамалық және құқық қорғау жұмыстарын күшейту мәселесін қарастыру;

    6.2. Бизнес пен инвесторлар үшін неғұрлым өткір тәуекелдер туралы мемлекеттік органдарды тұрақты хабардар етуді қамтамасыз ету жөніндегі мәселені қарастыру. 

Орындау туралы ақпарат 2026 жылғы маусымға дейін берілсін.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі