Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы «Кәсіпкерлердің құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғауды күшейту мәселелері» атты зерттеу жүргізді. Зерттеу шеңберінде Академия кәсіпкерлерге қылмыстық процесс шеңберіне негізсіз тартылған жағдайда олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша заң көмегін көрсету үшін «Қылмыстық процестегі кәсіпкерлердің құқықтары» жадынамасын дайындады. Бұл жадынама 2019 жылғы 15 қарашада «Кәсіпкерлердің құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғауды күшейтудің өзекті мәселелері» Криминологиялық форумына қатысушыларға ұсынылды және қолдау тапты.