Түйткілдер тізілімі

«Түйткілдер тізілімі» жобасы («Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы palata.kz сайтында) онлайн-платформа болып табылады, онда әрбір бизнесмен өзінің кәсіпкерлік тәжірибесінде ұшырасуға тура келіп жататын қиындықтар туралы хабарлама орналастыра алады.

«Түйткілдер тізілімі» кәсіпкерлік субъектілері, Өңірлік кәсіпкерлер палаталары, ҰКП Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері ұсыныстары негізінде қалыптасады.

Түйткілдер тізілімінің мазмұндық бөлігі түйткілдерді жинақтау, жіктеу, оларды шешу жөніндегі ұсыныстарды дайындау және осындай ұсыныстарды тәжірибеде жүзеге асыру барысын мониторингтен өткізуден тұрады.

Кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерінің аталмыш Тізілімін жүргізудің міндеттері:

1) бизнестің барлық түйткілдерін (әкімшілік кедергілерді) бірыңғай құжатқа жүйелеу;

2) әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі бірыңғай тәсілдерді айқындау;

3) елдегі бизнестің ахуалын бағалау және қолдауды қажет ететін басымдылықты бағыттарды айқындау;

4) әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруды қадағалау және бақылау.

Түйткілдер тізілімінің құрылымы:

1) түйткілдер сипаттамасынан;

2) түйткілдерді шешу жөніндегі ұсыныстан;

3) туындаған түйткілдерді жоюға қатысты шешу жолдарынан (қажет іс-шаралар);

4) ҰКП жауапты бөлімшесінен;

5) орындалу мәртебесінен;

6) орындалу барысынан тұрады.

Жоғарыда аталған ақпарат «мемлекеттік реттеу бағытынан» қағидаты бойынша жүйеленетін болады, яғни ол мынадай бағыттар:

1) салааралық түйткілдерді мемлекеттік реттеу (қаржыландыру, салық салу, кедендік реттеу, рұқсат беру процедуралары, бәсекелестік, табиғи монополиялар және мемлекеттік сатып алулар, банкроттық және басқа да мәселелер);

2) статистика бойынша шағын және орта бизнестің ең көп мөлшері тартылған салаларды мемлекеттік реттеу;

3) қылмыстық, әкімшілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама;

4) құқық қорғау органдарымен, қаржы полициясы органдарымен қарым-қатынас саласында кәсіпкерлер мүдделерін қорғау.

Тізілімге жүйелік сипат алатын мәселелер ғана қосылады.

Аталмыш «жүйелік» түйткілдерді айқындау критерийлері ретінде:

1) қоданыстағы заңнама нормаларының жетілмегендігімен байланысты (қолданыстағы заңнаманың оларды тәжірибеде қолдану кезінде анықталған кемшіліктері мен қайшылықтары) туындайтын түйткілді мәселелер, оларды шешу үшін қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу қажет;

2) мемлекеттік органдардың залал келтіруге әкелетін, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын, табысты жоғалтуға (жоғалған пайда) әкелетін бірнеше мәрте және (немесе) бірнеше кәсіпкерлерге қатысты қолданыстағы заңнама нормаларын орындамауымен байланысты туындайтын түйткілді мәселелері;

3) залал келтіруге әкелетін, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын, табысты жоғалтуға (жоғалған пайда) әкелетін бірнеше мәрте және (немесе) бірнеше кәсіпкерлерге қатысты доминаттармен, табиғи монополиялармен қарым-қатынасында туындайтын түйткілді мәселелері, 

4) сонымен қатар техникалық реттеу және сертификаттау саласында, – залал келтіруге әкелетін, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын, табысты жоғалтуға (жоғалға пайда) әкелетін бірнеше мәрте және (немесе) бірнеше кәсіпкерлерге қатысты және т.с.с.;

5) залал келтіруге әкелетін, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын, табысты жоғалтуға (жоғалға пайда) әкелетін бірнеше мәрте және (немесе) бірнеше кәсіпкерлерге қатысты кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруда және жүзеге асыруда туындайтын кәсіпкерлердің өзге де түйткілді мәселелері қаралады.

Түйткілдер тізілімін құру кәсіпкерлік қызметтегі түйткілдер мен кедергілер бойынша «жалпы көріністі» қалыптастыруға және үнемі қолдау көрсетіп отыруға, кәсіпкерлердің барлық мәселелерін жүйелендіруге, оларды шешуді жүзеге асыру барысын бақылауға, жалпы кәсіпкерлік ахуалы туралы ақпарат алып тұруға мүмкіндік бергенін, мұның кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін шешу жөніндегі шаралар кешенін қабылдауды талап ететін салаларды анықтауға мүмкіндік беретінін атап өту керек.

Бүгінгі күнгі ахуалы бойынша Түйткілдер тізілімі 373 түйткілді мәселеден тұрады, соның ішінде:

- 255 түйткілді мәселе шешімін тапты;

- 15 түйткілді мәселе ҰКП қарауында жатыр;

- 52 түйткілді мәселе бойынша ҰКП ұсыныстарын мемлекеттік органдар қарастыруда;

- 42 түйткілді мәселе бойынша ҰКП ұсыныстарын мемлекеттік органдар мақұлдап, оларды шешу жөніндегі жұмыс басталды;

- 9 түйткілді мәселе бойынша мемлекеттік органдар ҰКП ұсыныстарын қабылдамады, шешім табудың баламалы жолдарын іздеу жүргізілуде.

https://atameken.kz/kk/registers сілтеме арқылы кіруге болады.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі