Жаңалықтар

14.08.2025

Конституциялық Сот Бизнес-омбудсменнің ҰҚТбойынша айыптаулардан бизнесті қорғау ұстанымын қолдады

103

Кәсіпкерлікті ұйымдасқан қылмыстық құрылымдарға қатысы бар деген айыптаудан толық арылту жолындағы маңызды алғашқы қадам – бұл 2025 жылғы 25 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының № 72-НҚ Нормативтік қаулысы (Қаулы 72) болды.

Қаулы 72-нің 5-тармағының негізіне Бизнес-омбудсменнің құқықтық ұстанымы алынды. Ол бұл ұстанымды Конституциялық Сотқа (КС) Қылмыстық кодексте (ҚК) бұлыңғыр тұжырымдардың барын жою және қылмыстық топ, қарулы қылмыстық топ және ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) ұғымдарының арасындағы терминологиялық айырмашылықты нақтылау мақсатында ұсынған болатын.

 «ҰҚТ ұғымының заңнамада нақты белгіленбеуі аясында қолданыстағы құқықтық нормалар ҰҚТ белгілерін шамадан тыс кеңінен түсіндіруге жол береді және сол арқылы экономикалық құқықбұзушылық жасаған кәсіпкерлерді коммерциялық кәсіпорындардың ұйымдастырушылық құрылымына қарап-ақ ҰҚТ мүшелерімен теңестіріпотыр», – деп атап өтті Канат Нұров.

Бизнес-омбудсменнің бұл құқықтық ұстанымды білдіруіне себеп болған жайт – кәсіпкер Жүпқазиев М.Д.-ның Конституциялық Сотқа жүгінуі болды. Ол салық төлеуден жалтарғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол Конституциялық Соттан Қылмыстық кодекстің 245-бабының 3-бөлігі (салық төлеуден жалтару «қылмыстық топ құрамында») мен 262-бабының (ұйымдасқан қылмыстық топты құру) Конституцияға сәйкестігін тексеруді талап етті. Сонымен қатар, ол 2001 жылғы 21 маусымдағы №2 Нормативтік қаулының (ЖСНҚ 2) 11 және 13-тармақтарының, яғни бандитизм мен бірлесіп жасалған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін соттар заңнаманы қолдану мәселелеріне қатысты бөлігінің, атап айтқанда ҰҚТ белгілеріне қатысты ережелерінің де конституциялық сипатын қайта қарауды сұрады.

Конституциялық Сот Қылмыстық кодекстің 262-бабында көрсетілген ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) белгілері мен Жоғарғы Соттың №2 Нормативтік қаулысының (ЖСНҚ 2) 11 және 13-тармақтары өзара байланыста қарастырылған кезде, құқық қолдану тәжірибесінде тәуекелдер туындайтынын тікелей мойындады. Атап айтқанда, қылмыстық ниет, мотив және мақсат болмаған жағдайда да, коммерциялық ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері экономикалық құқық бұзушылықтармен қатар ҰҚТ құру, оны басқару немесе оған қатысу баптары бойынша да қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені атап өтілді.

Конституциялық Сот тергеу және сот тәжірибесінде бастапқыда заңсыз мақсаттарда құрылған қылмыстық топтар мен шаруашылық қызмет саласында құқық бұзушылықтарға жол берген кәсіпкерлік бірлестіктерді нақты ажыратуға мүмкіндік беретін ережелердің жоқ екенін растады.

Сонымен қатар, Конституциялық Сот кәсіпкерлік қызметтің өз табиғатында экономикалық тәуекелдермен және оларға байланысты заңнаманы бұзу ықтималдығымен қатар жүретінін, алайда бұл жағдайлар қылмыстық ниеттің бар екендігін әрдайым білдірмейтінін атап өтті.

Бизнес-омбудсмен №72 Қаулыны құптай отырып, оны «кәсіпкерлікті экономикалық құқық бұзушылықтары үшін ҰҚТ құрамында айыптаудан толық арылту жолындағы алғашқы ғана қадам» деп бағалайды. Оның пікірінше, бұл қаулы Конституциялық Соттың өкілеттігі шеңберінде ғана қабылданғандықтан, заңнамадағы ҰҚТ ұғымының түбегейлі бұлыңғырлығы мәселесін толық көлемде шеше алмайды.

Жуырда Парламент Қылмыстық кодекстің 31-бабына енгізген 6-бөлікке сәйкес, корпорациялардың қатысушылары, менеджменті және басқа да персоналы тек ұйымдық құрылымы үшін ғана «қылмыстық топ» деп танылмауы тиіс (егер кәсіпорынның қасақана қылмыстық мақсаты болмаса). Алайда, бұл норма да аталған проблеманы шешпейді. Себебі, мұнда кәсіпкерліктің ҰҚТ ретінде айыпталуы кәсіпорынның жалпы қылмыстық мақсатына тәуелді етіп көрсетілген, ал бұл ретте ҰҚТ құруға бағытталған арнайы қылмыстық мақсат нақты көрсетілмеген.

Осыған байланысты Конституциялық Сот Үкіметке — Қылмыстық заңнаманы Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарын ескере отырып жетілдіруді, ал Жоғарғы Сотқа — коммерциялық ұйымдар персоналының ресми қызметін ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) құқыққа қайшы әрекеттерінен нақты ажыратуға мүмкіндік беретін субъективтік және объективтік белгілерге негізделген нақты критерийлерді анықтау мақсатында сот практикасын талдауды және жүйелеуді тікелей ұсынды.

Аталған Конституциялық Сот ұсынымдарын толық көлемде іске асыру мақсатында Бизнес-омбудсмен Жоғарғы Сотқа ҰҚТ белгілері туралы нормативтік қаулыны өзектендіру жөнінде ресми хат жолдады және Қылмыстық кодекске ҰҚТ-ны ресми емес, қылмыстық, көлеңкелі және өзге де бизнес түрлеріне зорлық-зомбылықпен бақылау орнату арқылы заңсыз кірістерді табуға және заңдастыруға бағытталған жоғары деңгейде ұйымдастырылған әрі тұрақты бандиттік қызметпен кәсіби айналысатын жеке тұлғалар бірлестігі ретінде анықтайтын жаңа анықтама енгізу жөнінде Үкіметке хат дайындап жатыр.

«Енді №72 Қаулының қабылдануына байланысты Қылмыстық кодексте ҰҚТ (ұйымдасқан қылмыстық топ) белгілерінің анық әрі жалпыға белгілі критерийлері бойынша құқықтық анық еместікті түпкілікті шешуге мүмкіндік пайда болды:

-        мафиялық сипаттағы бандиттік қызметтің кәсіби деңгейде жүзеге асырылуы, оның салалар мен аумақтарда (жергілікті, өңірлік және республикалық деңгейде) тамыр жаюына және ықпалын кеңейтуге бағытталуы;

-        қылмыстық, көлеңкелі және өзге де, оның ішінде заңды бизнес түрлеріне заңсыз зорлық-зомбылық арқылы бақылау орнату;

-        рекет пен өзге де күш көрсету арқылы заңсыз кіріс табу және/немесе бизнес пен азаматтарды қылмыстық ынтымақтастыққа мәжбүрлеу» – деп түсіндірді Бизнес-омбудсмен.

Конституциялық Соттағы баяндаманың сілтемесі:
https://ombudsmanbiz.kz/rus/press-centr/doklady_vystupleniya/?cid=0&rid=1868

Жоғарғы Сотқа жолданған хаттың сілтемесі:
https://ombudsmanbiz.kz/details/ndownload.php?fn=101

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі