Жаңалықтар

06.05.2024

Бизнес-омбудсмен Қанат Нұров жұмысқа кірісті

425

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі жаңа уәкіл Қанат Нұров жұмысқа кірісті, ол іскерлік қоғамдастықты бизнесті қорғау стратегиясын қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыс процестерін құруға белсенді қатысуға шақырады.

Бұл туралы ол өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды және барлық мүдделі тұлғаларды өз идеялары мен көзқарастарын ұсынуға шақырды. Осылайша ол бизнес мәселелерін тиімді шешуге ықпал ететін іргелі ұсыныстарды талқылауға дайын екенін білдіріп отыр.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі жаңадан тағайындалған уәкілді қабылдау кезінде Мемлекет басшысы жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтіп, бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою жөніндегі шараларды әзірлеуге, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта құруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берген болатын.

«Жақын арада мен Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау жөнінде өзімнің бағдарламалық ұсынысымды беруім керек, осы орайда менімен қандай бір тартымды да тиімді идеяларыңызбен бөліссеңіздер, зор ризашылығымды білдірер едім», - деп атап өтті Қанат Нұров.

Өтініштер мен ұсыныстарды ресми сайт арқылы бизнес-омбудсменнің блогына мына сілтеме бойынша жіберуге болады: https://ombudsmanbiz.kz/rus/virtualnaya_priemnaya/blog/.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі