Жүрсінов Р.М.

2020 жылғы 24 ақпанда Мемлекет басшысының Өкімімен Рустам Манарбекұлы Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды

ЖҮРСІНОВ РУСТАМ МАНАРБЕКҰЛЫ

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

1976 жылы 16 ақпанда Өскемен қаласында дүниеге келген.

Білімі - жоғары, 1998 жылы құқықтанушы мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2000 жылы қаржы және несие мамандығы бойынша Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын, 2013 жылы «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебін бітірген, Executive MBA7.

Мемлекеттік органдарда, ұлттық және жеке компанияларда басшылық лауазымдарда қызмет атқарған, жұмыс тәжірибесі мол. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Заң департаменті директорының орынбасары, "ҚМГ-Консалтинг" ЖШС бас директоры, «Olimpex Advisers» ЖШС басқармасының (Әріптестер кеңесінің) төрағасы; «ҚазМұнайГаз» Барлау және Өндіру» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарушы директоры - Заң департаментінің директоры (Басқарма мүшесі),  «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры қызметін атқарды.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалғанға дейін "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі және Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратының басшысы болды.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Құрмет» орденімен (2016) марапатталған.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі