Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
2024 жылғы 25 сәуірде Мемлекет басшысының №141 өкімімен Канат Ілияұлы Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды
НҰРОВ ҚАНАТ ІЛИЯҰЛЫ
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл
1967 жылы 25 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі - жоғары. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ді (қазір ҚазҰУ) «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған, 1992 ж.), 1992-1995 жылдары тарих ғылымдарының кандидаттығына ізденуші (Ph.D); 2010-2013 жылдары AlmaU (Алматы қ.) және РФ Президенті жанындағы РАНХиГС (Мәскеу қ.) DBA (Doctor of business administration); 2011-2012 жылдары Бірыңғай медиация және бітімгершілік орталығының кәсіби мүшесі (куәлігі №011).
Әр жылдары атқарған қызметі:
Алматы менеджмент мектебінің (АММ) жанындағы Алматы Жас менеджерлер мектебінің директоры, 1991 – 1992 жж.;
- «Алматы басқару мектебі» ЖШС директоры, 1993 ж.;
- ҚР Экономика министрлігінің жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау қорының экономикалық кеңесшісі, 1993 ж.;
- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы «Агро» Қазақстан Фермерлер қауымдастығы бас директорының орынбасары, 1993 – 1994 жж.;
- «Делойт & Туш Қазақстан» халықаралық аудиторлық компаниясының аға менеджмент-консультанты, 1995-1997 жж.;
- «Алтеба» ҚТК (Алматытелеком) қаржы директоры, 1997 – 1998 жж.;
- «Қазақтелеком» АҚ бас қаржы директорының орынбасары, вице-президенті - бас қаржы директоры, 1998-2006 жж.;
- «Казкоммерцбанк» АҚ басқарушы директоры, 2006 - 2007 жж.
- «Aspandau» ғылыми-білім беру қорының және «Aspandau Academy» Алматы жоғары басқару мектебінің президенті, 2008-2021 жж.;
- ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, 2021-2023 жж.
«Қазақстанның дәстүрлі құрылымын құқықтық және экономикалық жаңғырту»; ««Ақпараттық қоғамдастық – 2030» Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту саясаты»; «Қазақстан: ұлттық идея және дәстүрлер»; «Ақпараттық қоғам – 2030» Қазақстан Республикасының ғылымын дамыту саясаты»; «Басқарудың жалпы теориясы (қазақстандық менеджменттің әдіснамалық тәжірибесі)»; «Ақпараттық қоғам ағартушыларының манифесі» кітаптарының авторы.
Марапаттары:
- «Құрметті байланысшы» медалі;
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі;
- «Ерен еңбегі үшін» медалі.