Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Президенттің 2014 жылғы 27 ақпандағы «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» жарлығына сәйкес, Үкіметке Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рөлін күшейтуге, соның ішінде Бизнес-омбудсмен институтын енгізу арқылы күшейту қарастырылған заң жобасын әзірлеу туралы тапсырма берілді.
2014 жылдың 29 желтоқсаны күні «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңы Бизнес-омбудсменнің құқықтық мәртебесі, тағайындау тәртібі және міндеттері, сондай-ақ оның қызметін ұйымдастыру туралы нормалармен толытырылды.
2016 жылдың 1 қаңтары күні 28 тарауында Бизнес-омбудсменнің құқықтық мәртебесі егжей-тегжейлі қамтылған Кәсіпкерлік кодексі қолданысқа енгізілді.
Бизнес-омбудсмен – Қазақстан үшін жаңа институт. Оның биік мәртебесі мен кең өкілеттілігі қазақстандық бизнестің жүйелік мәселелерімен, шенеуніктердің өктемдігімен және заңнаманың жетілдірілмеген тұстарымен тиімді күресуге мүмкіндік береді.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңының 26-1 бабына сәйкес, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің құқықтық мәртебесі Кәсіпкерлік кодексінде айқындалады. Қызметін Ұлттық палата қамтамасыз етеді.
Уәкіл қызметке Елбасының бұйрығымен тағайындалады және Президентке ғана есеп береді. Оған қоса, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге Кәсіпкерлік кодексінде қарастырылмаған міндеттер жүктеуге ешкімнің құқы жоқ. Оның қызметіне заңсыз қандай да бір араласуға жол берілмейді.
Өз өкілеттілігін жүзеге асыру мерзімінде (4 жыл) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің саяси қызметпен айналысуға құқы жоқ, сондықтан саяси партиялардағы және басқа да қоғамдық бірлестіктердегі мүшелігін тоқтатады.
Бизнес-омбудсменнің басты міндеттеріне кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін таныстыру, қамтамасыз ету қорғау мен олардың өтініштерін қарау жатады. Уәкілдің атына келіп түскен әр өтініш бақылауға алынып, оны Бизнес-омбудсмен аппаратының қызметкерлері қарйды. Бір де бір өтініш заңдық түсіндірмесіз және жауапсыз қалдырылмайды.
Бизнес-омбудсмен кең ауқымды өкілеттіліктерге ие:
- мемлекеттік органдарға кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша ұсыныстар енгізуге; сондай-ақ заңға қосымша нормативтік құқықтық актілерді тоқтату туралы ұсыныстар жасауға;
- мемлекеттік органдарға (лауазымды тұлғаға) солардың әрекетінен (әрекетсіздігінен) құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келген кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын орнына келтіру туралы ұсыныстар жіберу, соның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келуіне кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту;
- мемлекеттік органдардың пікірімен келіспеген жағдайда, прокуратура органдарына кәсіпкердің нұқсан келген құқықтарын қайта қалпына келтіру мақсатында өтінішхат жібере алады;
- заңмен қорғалатын мемлекеттік, коммерциялық, банктік және басқа да құпия саналатын мәліметтерді санамағанда, мемлекеттік органдардан (лауазымды тұлғалардан) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттеріне қатысты ақпараттарды, құжаттар мен материалдарды сұрата алады;
- бизнес-қауымдастықтың атынан сотқа арыз беруге;
- кәсіпкерлік субъектілерінің нұқсан келген құқықтары мен заңды мүдделерін қайта қалпына келтіруге бағытталған басқа да шараларды қолдануға.
Сондай-ақ, егер кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келу жүйелік сипатта болса және мәселені мемлекеттік органдар деңгейінде шешу мүмкін болмаса, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өтінішті Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуге құқылы.
Алғаш омбудсмен институты Швецияда дүниеге келген. Швеция риксдагы (парламенті) бұл лауазымды 1809 жылы құрған. Бүгінде омбудсмен институты көптеген мемлекеттерде кеңінен таралған. Балалардың құқы жөнінде, инвестициялар жөнінде жеке омбудсмендер, банктік, сақтандыру омбудсмендері, кейінірек бизнес-омбудсмен пайды болды.