Өтініштермен жұмыс

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 309 бабы 2) тармақшасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарау Бизнес-омбудсменнің бір функциясына жатады.

Кәсіпкерлік кодексінің 311-бабы Бизнес-омбудсменнің өтініштерді қарау тәртібін қамтиды:

1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде:

     1) кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі – өтініш беруші) өтініштерін қарайды, оған мыналар:

  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар алдын ала қарамаған;
  • құқықтарын басқа жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бұзу фактілері жөніндегі өтініштер қосылмайды;

     2) өтініш берушілерге олардың өтініштерінің уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберілгені туралы ақпарат береді;

     3) өтініш берушілерді олардың өтініштерін қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы ақпарат береді.

2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл күнтізбелік он күн ішінде өтініш берушілердің өтініштерін осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды, оларға сәйкес келмеген жағдайда өтінішті қарамайды, бұл туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

3. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің атына келіп түскен өтініш берушілердің өтініштері күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады.

4. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің атына келіп түскен өтініштерді қарау мерзімі қажет болған кезде өтініш берушіге атқарылатын жұмыс туралы міндетті түрде ақпарат беріле отырып ұзартылады.

5. Қарау қорытындылары бойынша өтініш берушіге Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің құзыреті шеңберінде өтініштің мәні бойынша жауап беріледі.

6. Өтініштерді қарау мерзімдерін ұзарту, уәкілетті мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жіберу, өтініш берушілерге өтініштердің қаралу барысы туралы ақпарат беру тәртібін Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл белгілейді.

Осылайша, Уәкілдің атына келіп түскен кез келген өтініш мәні бойынша қаралатын болады. Егер, Бизнес-омбудсменге келіп түскен өтініш алдын ала мемлекеттік органда қаралмаған болса, ол Уәкілдің аппаратының жетекшілігімен жалпы тәртіппен қаралады.

Сіздің өтініш бойынша жауапты орындаушыны мына телефон нөмірі арқылы анықтауға болады: 14-32 

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі