Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Бюджет қаражатын ұрлады деген айыппен қамауға алынған кәсіпкерлер босатылды
Ақмола облыстық сотында бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталғандар қамаудан босатылды. Адвокат Анара Құсайынованың өтініші бойынша жүргізілген қосымша сараптама барысында ұрлықтың болмағаны анықталды, ал нысанды салу кезінде бюджетте көзделген қаражаттан артық ақша жұмсалған.
5 адам орынсыз зардап шеккен Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызылсуат кентіндегі электрмен жабдықтау объектісіндегі жағдайға қатысты Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов құқық қорғау органдарына жүгінген болатын және көпшілік алдында да өз ұстанымын бірнеше рет білдірген. Сондай-ақ, 2023 жылғы 23 мамырдағы ведомствоаралық жиналыста да бизнес-омбудсмен өз ойын бөліскен болатын.
Мердігерлік ұйымның қызметкерлері мен басшылары қаңтар айында сотталды, бірақ «Қызылсуат ауылын электрмен жабдықтау» нысаны төрт жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді, бюджеттен бөлінген қаражаттан тыс 80 млн теңге салынды. Айыпталушылардың адвокаттары бұл туралы 2021 жылдан бері айтып келеді, бірақ Ақмола облысының Экономикалық тергеу департаменті де, прокуратурасы да олардың жанайқайына құлақ асқан жоқ. Қызылсуат кентінде энергиямен жабдықтау объектісін салу барысындағы қосалқы мердігер мен бас мердігердің шығындарын растайтын құжаттар негізсіз жарамсыз деп танылды.
Адвокаттар бар күшін салды, атап айтқанда, А. Құсайынованың, Г. Сұлтанованың, Н. Оразалиннің, Ш. Мырзамбетовтің, С. Әділованың М. Есқараевтың, А. Жетпісбаевтың арқасында 22 желтоқсанда сот бұлтартпау шарасын үй қамағына алуға ауыстырды, айыпталушылар босатылды. 12 қаңтарда өтетін келесі отырыста сарапшылардан жауап алынбақ. Адвокаттар барлық айыпталуышаларды толық ақтап алмақ ниетте.
Қылмыстық процеске қатысу бизнесті айтарлықтай шығынға батырады, ол уақытын жоғалтады, қаржы жұмсайды. Күштік органдар көбінесе экономикаға қылмыстық-құқықтық қысым жасау арқылы ресми бұзушылықтар үшін аса ауыр жауапкершілікке тартады.
«Бұл мәселені «Сот аудиті» жаңа Ұлттық стандартын құру арқылы шешуге болады деп санаймын. Қазақстан аудиторлар қоғамдастығы ұсынып отырған бұл стандартта сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарымен өзара іс-қимыл жасаудың нақты ережелері бар. Бұл стандарт қылмыстық схемаларды талдауға және «сот аудиторлары» үшін жоғары біліктілік талаптарын белгілеуге мүмкіндік береді.
Мүдделер қақтығысын болдырмау үшін сот аудиторының қызметін Қаржы министрлігі арқылы сатып алу ұсынылады. Бұл құқық қорғау органдарына тәуелді болмауды қамтамасыз етеді және негізсіз қылмыстық қудалауды болдырмайды», - деп жазды Рустам Жүрсінов өзінің фейсбук парақшасында.
Суретте: адвокаттар, қорғаушылар және босатылған айыпталушылар.