Жетістіктер тарихы

25.09.2023

Кәсіпкерлер тағы да жеңіске жетті

10815

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі

Бұл туралы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Абай облыстық сотында өңір прокуратурасы инвесторды қолдап, Абай облысының Жер ресурстарын басқару департаменті мен «Елім-ай Көкпекті» ЖШС, сондай-ақ Көкпекті ауданының әкімдігі арасында туындаған дау кәсіпкердің пайдасына шешілді.

Қыркүйек айының басында маған «Елім-ай Көкпекті» ЖШС жүгініп, ол өзіне тиесілі жер учаскесін алып қоймақ болған Жер ресурстарын басқару департаментінің әрекетіне қатысты шағымданған болатын. Департамент Көкпекті ауданы әкімінің тоғыз шешімін, жер учаскелерін жалға алудың тоғыз шартын және уақытша жер пайдалану құқығы туралы актілерді заңсыз деп тануды талап еткен. Мемлекеттік органдардың пікірінше, әкімдік бұл учаскелерді кәсіпкерге аукцион өткізбей берген, ал бұл Жер кодексіне қайшы келеді.

Алайда, Абай облысының МАЭС 2023 жылғы 1 тамыздағы шешімімен Департаменттің талаптарын қанағаттандырудан бас тартты. «Елім-ай Көкпекті» ЖШС 2012 жылдан бастап 2029 жылға дейін жалғасатын инвестициялық жобалармен жұмыс істеп жатыр. 2012 жылы олар «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен жобаны қаржыландыру туралы келісім жасасқан, ол жобаның орындалуын бақылап, кәсіпкерден тұрақты негізде есеп алып тұрады.

Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті 2015 жылдан бастап 2021 жылғы 26 желтоқсанға дейін мемлекеттік меншіктен жер учаскесін беру ережелерін белгілейтін заң болмағанын хабарлады.

Департамент жеткілікті негізсіз талап-арыз берген екен, өйткені «Елім-ай Көкпекті» ЖШС инвестициялық жобалармен айналысады және Жер кодексінде белгіленген ерекшеліктер аталмыш ЖШС-не қатысты.

Осылайша әділеттілік орнады. Кәсіпкерлер өз қызметін жалғастыра алады.

ШҚО-дағы бизнес-омбудсменнің өкілі Әлия Мұқашева, ШҚО «Атамекен» ӨКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Рауан Абдуллин, Абай облысының «Атамекен» ӨКП Бизнесті қорғау бойынша жетекші сарапшысы Бекзат Ахметбеков, компанияның адвокаты Гүлдана Ахметжанова жергілікті уәкілетті органдармен өзара табысты қарым-қатынас жасағанын атап өткім келеді. Сондай-ақ, аталған мәселені жедел шешкені үшін облыс прокуратурасына алғыс білдіремін», - деді Рустам Жүрсінов.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі