Жетістіктер тарихы

25.01.2023

Шымкент прокуратурасы салық органдары тарапынан бизнеске қатысты бұзушылықтарды анықтады

10709

Прокурорлар Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің кәсіпкерлердің бұзылған құқығын қалпына келтіру туралы қолдаухатын қарады.

Бұл туралы бизнес-омбудсмен фейсбук желісіндегі парақшасында жазды.

Прокурорлар Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан қолданыстағы заңнама нормаларын бірқатар бұзушылықтар орын алғанын анықтады.

Мен Шымкенттің 70-ке жуық кәсіпкері салық органдарының қолданған тәсілімен келіспейтіні туралы жазған болатынмын, олар төлемді қолма-қол ақшасыз тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін  1 000 АЕК-тен (3 063 000 теңгеге дейін) аспайтын сомасы бар кәсіпкерлердің әрбір жасаған мәмілесіне қатысты күмән білдірген. Және де кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартудың әрбір жағдайы бойынша қызметтік тергеу жүргізуді сұраған болатынмын, - деп жазды Рустам Жүрсінов.

Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 62-бабының 3-бөлігіне сәйкес төлемдерді жүргізу бойынша ҚР заңдарында (ҚР ӘҚБтК-нің 266-бабы) белгіленген шектеулерді бұзу қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарға жатады, олар бойынша ескіру мерзімі ол жасалған сәттен бастап үш жылды, сондай-ақ ол анықталған сәттен бастап екі айды құрайды.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдары 91 салық төлеушіні айыппұл түріндегі заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартты, ал аталған құқық бұзушылықтар бойынша ескіру мерзімі өтіп кеткен.

Осыған байланысты жоғарыда аталған әкімшілік қаулылар айыппұлды азайту бөлігінде өзгертілуге, ал жекелеген бөлігі толық тоқтатылуға жатады.

Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы қаулы шығару кезінде ҚР ӘҚБтК-нің іс жүргізу нормаларын елеулі түрде бұзудың 28 фактісі анықталды, олар тоқтатылуға жатады.

Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша мемлекеттік кірістер органдарына прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі