Жетістіктер тарихы

13.10.2022

19 млн теңгедан астам сомаға кәсіпкердің құқығы қорғалды

10842

Ақмола облысы

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов Ақмола облысына сапары барысында оған «ENKI» ЖШС-нің директоры М.А. Әбдіқалықов жүгінді, ол «Ақмола облысы бойынша ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті» РММ-мен туындаған мәселені шешуге жәрдемдесуді өтінді. Белгілі болғандай, мемлекеттік орган кәсіпкер өңірде өндіріс пен сатуды жүзеге асыратын өзге де нарық субъектілерімен бірлесіп кірпіш бағасын негізсіз көтерді деп мәлімдейді. Осылайша, Ақмола облысы бойынша ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті оны алдын ала келісім бойынша бағаны көтерді деп жауапқа тартқысы келген.

Қазақстанның бизнес-омбудсмені бұл мәселені жан-жақты пысықтауды тапсырды, жағдайды өзі бақылауға алды.

«Өтінішті объективті қарау мақсатында біздің сарапшылар сот және өндірістік практиканы, бәсекелестікті қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы, материалдарды, құжаттарды, қалыптасқан жағдайды зерделей келе, уәкілеттік берілген мемлекеттік орган бұл істе өз дәлелдерін мүлдем дұрыс түсіндірмеді деген тиісті қорытынды жасады. Сонымен қатар, орталық аппараттың салалық департаментіндегі әріптестер 2022 жылғы 09 наурызда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің келісу комиссиясында Ақмола облысы бойынша ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаментінің дәлелдерімен келіспейтінін және бәсекелестікке талдау дұрыс жүргізілмегенін ескере отырып, тергеу нәтижелері бойынша қорытынды жобасын пысықтау қажеттілігі туралы ұстанымын білдірді», - дейді Ақмола облысындағы бизнес-омбудсменнің өкілі Расул Сыздықов.

Кәсіпкердің құқығын қорғаудың стратегиясын әзірлеген бизнес-омбудсменнің өңірлік кеңсесі бұл мәселені 2022 жылғы 27 шілдеде облыс әкімі міндетін атқарушының, облыс прокурорының, ӨКП директорының төрағалығымен өткен бизнесті қорғау жөніндегі форумға шығарды.

Талқылау нәтижелері бойынша, сондай-ақ форумға қатысушылар күмән білдіргендіктен, Ақмола облысы бойынша ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті басшысына Палата алаңында «ENKI» ЖШС-мен бірлесіп, осы мәселені қарастыру, барлық аспектілерді, деректерді егжей-тегжейлі зерделеу және оны реттеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Нәтижесінде сот «ENKI» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді ҚР ӘҚБтК 159-бабының 2-бөлігі бойынша оның іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтату туралы қаулы шығарды. Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы сақтау тұрғысынан бұзушылықтардың айтылған фактілері расталмады. Осылайша 19 млн теңгеден астам сомаға кәсіпкердің құқығы қорғалды.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі