Жетістіктер тарихы

26.09.2022

Жоспардан тыс салықтық тексеру тоқтатылды

10882

«FAI Kazakhstan» ЖШС-нің өтініші бойынша Батыс Қазақстан облысындағы ҚР бизнес-омбудсменінің Өңірлік кеңсесінің құқықтық бөлімінің сарапшылары сотқа оның тарапынан үшінші тұлға ретінде қатысты.

Бизнес субъектісі МКД нұсқамасын даулау және жүргізілетін салықтық тексеруді жарамсыз деп тану туралы әкімшілік талап қойып, МКД-де жоспардан тыс тақырыптық салықтық тексеруді бастау үшін негіз жоқ екенін көрсете отырып, сотқа жүгінді.

Талап арызға берген жауабында Департамент ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметін талдау нәтижелері бойынша 2019-2020 жылдар кезеңінде салық заңнамасын бұзушылықтар анықталғанына сілтеме жасады, осыған байланысты жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін Комитетке сұрау салу ұсынылды.  Комитет өтінішті қарап, жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы Бұйрық шығарды, соның негізінде даулы нұсқама шығарылды.

Соған қарамастан, ӨКП іс материалдарын зерделеп, сотта кәсіпкердің ұстанымын қолдады және талапты қанағаттандыруды сұрады, сот мұнымен келісті.

БҚО Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 20.09.22 ж. шешімімен жоспардан тыс тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау туралы 2022 жылғы 29 маусымдағы № 62 МКД Ұйғарымы заңсыз деп танылып, күші жойылды. Сондай-ақ, Ұйғарымнан туындайтын барлық заңды салдарлар жойылды, соның ішінде салықтық тексеру жарамсыз деп танылды.

Қабылданған шешімді сот Департаменттің ҚР ҚМ МКК-не тексеруге бастамашылық ету туралы сұрау салуында талапкердің салық заңнамасын бұзғанын куәландыратын нақты фактілер мен мән-жайларсыз ЖШС тарапынан салық заңнамасының бұзылуы туралы болжамдар көрсетілгенін уәждеді.

Сондай-ақ жоспардан тыс тексеруді тағайындау негізі ретінде МКД-нің СК 145-бабының 3-тармақшасына сілтеме жасауы негізсіз деп танылды. Сот мұны заң нормаларын дұрыс түсіндірмеу деп таныды.

Сот шешімінде атап өтілгендей, «бұл бапта негіздер емес, рәсімдік сипаттағы мәселелер қаралады, мысалы, СК 145-бабының 4-тармағында бұрын тексерілген кезең үшін СК 145-бабының 3-тармағында көрсетілген жоспардан тыс тексерулер уәкілетті органның шешімі негізінде жүргізіледі деп көрсетілген.

КҚ 144-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында жоспардан тыс тексеру адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдар жүгінген жағдайда жүзеге асырылады деп көзделген. Мұндай жағдайда жоспардан тыс тексеру уәкілетті органның шешімі бойынша жүргізілетін болады.

Уәкілетті орган тексеру тағайындау туралы бұйрықты шығарған кезде, ол тексеру тағайындаудың нақты негіздері, заңнама нормаларын бұзумен байланысты фактілер мен мән-жайлар бөлігінде ҚР КК 144-бабы 3-тармағындағы талаптардың сақталуын бақылау органы міндетінен босатылмайды».

Бұдан басқа, МКД ҚР ӘРПК-нің 62-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын, ӘРПК-нің 73-бабын бұзған жағдайда тыңдау рәсімі жүргізілмеген. 

Сот жіберілген заң бұзушылықтар бойынша БҚО бойынша МКД-не жеке ұйғарым шығарды.

«Кәсіпкерлердің барлық өтініштері бойынша бизнес-омбудсменнің өңірлік кеңсесі олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде қажетті құқықтық көмекті әрі қарай да көрсетуге дайын», - деді бизнес-омбудсменнің Батыс Қазақстан облысындағы өкілі Мағрипа Нигишева.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі