Жетістіктер тарихы

12.07.2022

15 млн теңгеден астам қосымша құн салығы қайтарылды

10769

Фото: ашық дереккөздерден алынды

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің кеңсесінде агроөнеркәсіптік кешен саласында меморандумға қол қойған астық нарығының субъектілеріне ҚҚС асып кеткен сомасын жеңілдетілген қайтару бойынша пилоттық жобаны іске асырудың 2022 жылғы 1 тоқсанындағы қорытындыларын жариялады.

Бұл пилоттық жобаның алғашқы нәтижесі. Қазіргі уақытта Меморандумға 20 компания қосылды, оның 7-уі экспорттаушы компания, 13-і жеткізуші компания.

2 экспорттаушы компанияға – «Grain partners» ЖШС-не және «ASG Export» ЖШС-не 15 749 мың теңге сомасында ҚҚС қайтарылды. Қайтару отыз күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылғанын атап өту қажет.

«ҚҚС қайтару кезіндегі астықты экспорттаушылардың басты проблемасы тексеру актісіне қол қойылғаннан кейін қайтару мерзімдерінің бұзылуы, трансферттік баға белгілеу тәуекелдері, қызметтері негізгі жарғылық қызмет түрлері болып табылмайтын немесе астықты экспорттау кезінде қосалқы сипатқа ие өнім берушілер бойынша ҚҚС қайтарудан бас тарту болып табылады. Салықтық тексерулер барысында ақпараттық жүйенің деректерін, электрондық шот-фактураларды пайдаланбау да негізгі проблемалардың бірі болып табылады», - деді бизнес-омбудсменнің кеңесшісі Екатерина Никитинская.

Пилоттық жобаның өзі 2021 жылғы 4 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі V Республикалық кәсіпкерлер форумында қол қойылған Заңсыз іс-әрекеттерге қарсы іс-қимыл және ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымы саласындағы адал бәсекелестікті дамыту мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы келісімді дамыту үшін іске асырылған еді.

Естеріңізге сала кетейік, Келісімге ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Сауда және интеграция министрлігі, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Астық одағы қатысқан болатын.

«Пилоттық жобаны іске асыру барысында Меморандумға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, элеваторларды, көтерме трейдерлерді қосу бойынша ынталандырудың болмауы және оларда қосымша еңбек шығындарының пайда болуы сияқты проблемалар анықталды.

Мысалы, цифрлық активті (токен) пайдалану негізінде астық айналымы бойынша операцияларды есепке алуды жүргізу қажеттігі, оның ішінде ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерді егістікпен байланыстыра отырып шығару, оның өндіруші – трейдер – элеватор-экспорттаушы тізбегі бойынша қозғалуын растау қажеттігі», - деп бөлісті Екатерина Никитинская.

Пилоттық жобада токендерді шығару және есепке алу Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер (АШТӨ) мен экспорттаушылар үшін тағы бір жүктеме болды. Бүгінде астық қолхаттарын элеватор шығарады. Ал жергілікті жерлерде АШТӨ үшін интернет қолжетімді емес және компьютерлік сауаттылық та тиісті деңгейде емес.

Анықталған проблемаларды шешу үшін стандартты тексеру мерзімі 55 жұмыс күнін құрайтынын ескере отырып, пилот шеңберінде ҚҚС қайтару мерзімін 40 жұмыс күніне дейін қысқарту ұсынылды.

Сондай-ақ, ҚҚС-ты жеңілдетілген қайтару бойынша пилоттық жобаның қолданылуын 2022 жылдың 3 және 4 тоқсанына дейін ұзарту ұсынылды.

Пилоттық жобаға қатысу ерікті негізде жүзеге асырылады, тек астық нарығына қатысушыларды Меморандумға қосу қажет.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі