Жетістіктер тарихы

17.03.2022

Бизнеске қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

10831

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратының қызметкерлері «Алпамыс» мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталығы ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық қудалау мәселесіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасына бірнеше рет жазбаша жүгінді, нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бюджет қаражатын жымқыру фактісі расталмады.

Бұған дейін ЖШС басшысы бизнес-омбудсменге мемлекеттік органның мектепке дейінгі тәрбиеге мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бөлінетін бюджет қаражатын ұрлау, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық процеске тартылғанын айтып, шағымданған болатын.   

Белгілі болғандай, сотқа дейінгі тергеу 01.11.2021 ж. мемлекеттік аудитордың қорытындысы негізінде тергеуші А.Асамбаевтың баянаты бойынша басталды, онда бюджет заңнамасы бұзылды және 3 212 944 теңге негізсіз жұмсалды делінген. 2019-2021 жылдар кезеңінде жұмсалған 3,2 млн теңгеге қатысты аудиторлық қорытынды ата-аналардың айғақтарына негізделген.

«Алпамыс» балабақшасы мемлекеттік дотацияны заңсыз игеру бойынша алғашқы күдік туындаған кезде тінту және алып қою «Алпамыс» бала бақшасы объектісінің өзінде емес, іске мүлде қатысы жоқ «Смарт Технология скул» орта мектебінде және мектеп директоры Д.Н.Құдайқұлованың және оның әпкесі Б.Н.Әшімованың тұрғын үй-жайларында (пәтерлерінде) жүргізілді. Тінту нәтижелері бойынша алғашқы күдікке қатысы бар заттар мен құжаттар табылған жоқ, тәркіленген де жоқ.

Алайда, аталған үй-жайларда 05.01.2022 жылғы тінту жүргізу туралы сот санкциялаған қаулыда тергеу сеніп тапсырылған мүлікті 250 млн теңге сомасында иемденіп алу және ысырап ету мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық орын алды деген ойдан шығарылған жалған мәлімет көрсетілді. Демек, тергеу органы құжаттарды тінту және алу үшін, балабақша иесіне және «Алпамыс» балабақша ғимаратына келген жоқ, олардың қолымызда ешқандай құжат жоқ деген «сөзіне сенді».

Д.Н.Құдайқұловаға тергеуге уәкілетті органдардан мәні мен мазмұны жағынан істі дұрыс шешу үшін елеулі маңызы бар құжаттар ұсынылды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы жоғарыда аталған қылмыстық істі қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтату туралы шешім қабылдады, Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы бұл шешіммен келісті.

Осылайша, уәкілдің аппараты бизнеске қатысты тағы бір қылмыстық істің тоқтатылуына қол жеткізді.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі