Жетістіктер тарихы

04.03.2022

Мемлекеттік орган мен кәсіпкер арасындағы екі жылға созылған дау шешілді

10791

Ақмола облысы

Бизнес-омбудсменнің Ақмола облысындағы өңірлік кеңсесі облыстағы кәсіпкерге жер телімін беру туралы шешімге қол жеткізді. Мемлекеттік орган екі жыл бойы кәсіпкерді әуре-сарсаңға салып келген еді.

2020 жылдың ақпан айында Ақмола облысы Целиноград ауданының Қызылжар (Қарабидай) кен орнында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия алған «АТС-Кум» ЖШС-н мемлекеттік орган біраз әуреге салды. Регламентке сәйкес компания аудан әкіміне осы кен орны орналасқан жер учаскесін беру туралы өтінішпен жүгінді.

Барлық мәселе осыдан кейін басталды. Аудан әкімінің 09.12.2020 жылғы қаулысымен жер учаскесі жайылымдық және шабындық жер болып табылады деген желеумен кәсіпкердің өтінішін қанағаттантырудан бас тартылды.

Бірақ Қызылжар (Қарабидай) кен орнының аумағында жер қойнауы учаскелерінің орналасу картасы бойынша тек карьерлер ғана бар, жайылым мен шабындық жер жоқ.

Компания Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берді, алайда сот инстанциясы да өтінішті қанағаттандырудан бас тартты. Кәсіпкер апелляцияға берді. Сот талқылауы барысында көптеген сәйкессіздіктер анықталды.

- Әкімдіктің сұралып отырған жер учаскелерінің жайылымдық жерлер болып табылатындығы туралы дәлелдері 2019 жылы бекітілген ауыспалы жайылымның схемасына ғана негізделген, сондықтан жер учаскесін беруді келісуден бас тарту үшін негіз бола алмайды. Қабанбай батыр ауылдық округінің әкімі халықтың мұқтажы үшін жайылымдық алқаптарды беру туралы өкімді ауыспалы жайылым схемасына сәйкес 2021 жылғы ақпанда шығарды. «Жайылымдар туралы» заң нормаларының талаптары бекітілмеген жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдық алқаптарды беруді көздейді. ЖШС жер телімін беруге келісім беру туралы өтінішті 2020 жылдың ақпан айында, яғни жоғарыда көрсетілген селолық округ әкімінің өкімі шыққанға дейін ұсынған болатын. Жергілікті атқарушы органдағы барлық жөнсіздіктердің кесірінен кәсіпкер екі жыл бойы соттасуға мәжбүр болды. Демек, аудан әкімдігі осы уақыт аралығында кәсіпкерге жұмыс істеуге мүмкіндік бермеген, тиісінше ол біршама шығынға батты, – деп түсіндірді Ақмола облысындағы бизнес-омбудсменнің өкілі Расул Сыздықов.

 

Нәтижесінде Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бұл дауға нүкте қойды. Материалдық құқықтың нормалары дұрыс түсіндірілмеген, ал алдыңғы соттың тұжырымдары істің нақты жағдайларына сәйкес келмейді. Серіктестіктің өтінішін қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылды.

Облыстық жер комиссиясының кәсіпкердің пайдасына жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығарған мүшелері де келтірілген дәлелдермен келісті.

Сондай-ақ, Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы заңсыз деп танылып, күші жойылды, аудан әкімін кәсіпкердің құқықтарының бұзылуын жоюды міндеттеді.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі