Жетістіктер тарихы

28.02.2022

Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлердің мүліктік құқығы қорғалды

10832

Батыс Қазақстан облысы

БҚО-дағы Қазақстан бизнес-омбудсменінің өңірлік кеңсесі МЖӘ шартын орындауға қатысты туындаған мәселені шешті.

БҚО білім басқармасы мен Орал қаласының білім бөлімі (бұдан әрі-мемлекеттік серіктестер) 2020 жылы облыстың орта білім беру мектептерінде тамақтандыру қызметін ұсынатын бірқатар кәсіпкерлермен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және жабдықтарды ауыстыру арқылы мектеп асханаларын сенімгерлік басқаруға 8 жыл 6 ай мерзімге МЖӘ шартын жасағаны белгілі болды.

Келісім жасалды, тараптардың құқықтары мен міндеттері анықталды, серіктестер қол алысты. Бәрі орын орнымен жасалған тәрізді. Дегенмен, іс жүзінде біршама қиындық туындады.

Бастапқы кезеңде шартты қазынашылықта тіркеу кезінде әкімшілік кедергілер туындады. Бұл мәселені шешу үшін кәсіпкерлер бірнеше ай уақыт жұмсады, мәселе Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚР бизнес-омбудсменінің өңірлік кеңсесі араласқаннан кейін ғана шешілді.

2021 жылы азық-түліктің күрт қымбаттауына байланысты мектептегі тамақтану бағасының өскеніне қатысты проблемалар туындады. БҚО бойынша ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратының хатшылығы бұл мәселені шешуге де белсенді қатысты.

Жаңа 2022 жыл бастала салысымен мемлекеттік серіктестер тарапынан МЖӘ шартының талаптарын орындауға қатысты проблема жалғасын тапты.

Енді «Отау-Алан» ЖШС, ЖК «Киматов А.Т.», ЖК «Қадырова К.У», ЖК «Зотова Е. И.», ЖК «Колосова М. Е.» ЖК «Болдырева Н. Б», ЖК «Гусманова К. С.», ЖК «Даму» бизнес субъектілері мемлекеттік серіктестердің мектептегі тамақтану құнын жыл сайын 4%-ға арттыру бөлігінде МЖӘ шартының талаптарын орындамау мәселесі бойынша ӨКП-на жүгінді.

2022 жылдың 17 қаңтарынан бастап оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету басталды. Алайда, Мемлекеттік серіктестер тамақтанудың жаңа құнына арналған негізгі шартқа қосымша келісімге қол қоймады және орындалған жұмыстар үшін ақы төлемей отыр.

Сонымен қатар, Мемлекеттік серіктестер бірқатар мектептерді жаңа инвесторларға сенімгерлік басқаруға беру процесін іске қосты. Осыған байланысты МЖӘ шартының әрекет етуіне қатысты сұрақ туындады, кәсіпкерлер мемлекеттік серіктестермен 8 жыл 6 айға шарт жасасқан болатын.

Осыған байланысты, БҚО бойынша бизнес-омбудсмен өкілі М. Нигишева барлық мүдделі тараптардың, сондай-ақ БҚО прокуратурасы мен БҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуін ұйымдастырды.

Кездесу барысында айтылған барлық проблемалар өз шешімін тапты және оған қатысушылар мемлекеттік әріптестер кәсіпкерлердің құқығын өрескел бұзды деп атап өтті.

Осыған орай, орын алған заң бұзушылықтарды жою үшін жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы Облыстық білім басқармасының атына ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік әріптестер инфляцияны ескере отырып, мектептегі тамақтану құнын жыл сайын 4%-ға арттыру бөлігінде мектеп асханаларын сенімгерлік басқару бойынша МЖӘ шартына қосымша келісімге қол қойды.

Сондай-ақ, даулы мәселе де шешілді, Білім басқармасы бұрын жоспарлағандай, 4%-ды шартқа қол қойылған сәттен бастап (ағымдағы жылдың ақпан айында) емес, 2022 жылдың басынан бастап, яғни қаңтардан бастап төлейтін болды. Осылайша, кәсіпкерлердің ағымдағы жылдың қаңтар айындағы 4,9 млн. теңгеден астам сомадағы мүліктік құқықтары толық көлемде қорғалды.

Ал Білім басқармасы Уәкіл хатшылығын мектептерді сенімгерлік басқаруға беру конкурстық негізде жүргізілетінін және кәсіпкерлермен бұрын жасалған мектеп асханалары бойынша МЖӘ шарттарын сақтау конкурстық құжаттамада міндетті шарт болатыны туралы жазбаша хабардар етті.

 «ҚР Бизнес-омбудсменінің өңірлік кеңселерінің өкілеттіктерін пайдалану арқылы кәсіпкерлердің кезекті проблемасы шешілді, енді мұндай қиындық туындамас деген үміттеміз. Дегенмен, МЖӘ шартының мерзімі әлі аяқталған жоқ... Біз бизнес субъектілерін әрі қарай да қорғауға дайынбыз», - деді БҚО бойынша бизнес-омбудсменнің өкілі Мағрипа Нигишева.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі