Табыс тарихы

25.05.2018

Кәсіпкерлердің мүдделері қорғалады

771

Солтүстік Қазақстан облысы, 

www.petropavltv.kz

Қазақстан бизнесінің қарым-қатынас аясы кеңейіп келеді, осыған байланысты елден тыс жерлерде бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты мәселелер туындайды. Петропавлдық жеке кәсіпкердің жүктің жоғалуына қатысты кінәліні таба алмағанына бір жылдан асты. Тауар Петропавл – Пермь жолында жоғалған, егер бұл істі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз қолына алмағанда, бұл іс кәсіпкердің пайдасына шешілуі екіталай еді.

Спорт тауарларымен айналысатын компания спорттық жабдықтарды өндірушілермен ынтымақтастық орнатты және 2017 жылдың мамырында велосипедтің көлемді жеткізіліміне тапсырыс берді. Алайда Пермь қаласынан Петропавл қаласына дейін жүк көлігі жетпей қалды. Кәсіпкер құқық қорғау органдарына өтініш жазды, бірақ іс орнынан қозғала қоймады.

ЮЛИЯ ДУБИНА, КОМПАНИЯНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ

- 2017 жылдың қазан айында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен жеке кездесу өткізілді, құқық қорғау органдарының және омбудсмен аппаратының бірлесе атқарған жұмысының арқасында кінәлілер табылып, сот болды. Алғысымыз шексіз.

Белгілі болғандай, бұл жерде кәнігі алаяқтар жұмыс жасаған. Жүк көлігінің жүргізушісіне жүк түсіру нүктесінің өзгергендігі туралы хабарлама келген. Сөйтіп тауарды Марий Эл республикасына алып кеткен. Іс приставта, содан кейін кәсіпкерге келтірілген шығын өтеледі.

ЖЕҢІС ҚАЗИЕВ, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Біз Ресей Федерациясының омбудсменіне көмек сұрап жүгіндік, осы мәселені шешу үшін шаралар қолданылды. Біз, өңірлік палата, Псков облысының Марий Эл Республикасының омбудсмендерімен шұғыл түрде байланыстық, қараша айында бұл мәселе шешілді. Ұрлыққа қатысты кінәлілер табылды.

Қазақстан бизнес-омбудсмені Болат Палымбетов пен Ресей бизнес-омбудсмені Борис Титовтың кәсіпкерлерді қорғаудағы өзара көмек туралы келісімі бірнеше мәселені оң шешуге мүмкіндік берді. Тек биылғы жылдың өзінде Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасына Ресей Федерациясының аумағы арқылы жүретін бизнес субъектілерінен 2 өтініш келіп түсті. Бизнес-омбудсмендердің көмегімен Түмен кәсіпкеріне де көмек көрсетілді.

Ақпарат көзі: http://petropavltv.kz/ru/news/society/interesy-predprinimatelei-pod-zashchitoi

Наталья АИТОВА

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі