Жетістіктер тарихы

21.09.2022

«Қайнар-АКБ» ЖШС-не қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

10850

1250-ге жуық адам еңбек ететін «Қайнар-АКБ» ЖШС аккумулятор зауытының мәселесі бизнес-омбудсмен араласқаннан кейін шешілді.

Талдықорған қаласында кәсіпкерлерді жеке қабылдау кезінде бизнес-омбудсменге «Қайнар-АКБ» ЖШС қозғалған қылмыстық іс және Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жеке кәсіпкерлермен өзара есеп айырысуы бойынша жоспардан тыс тексеруі мәселесіне қатысты жүгінген болатын.

01.01.2017 ж. бастап 31.12.2021 ж. аралығындағы кезеңде пайдаланылған аккумуляторлар және аккумуляторлық батареялардың қалдықтары мен сынықтарын жеткізетін жеке кәсіпкерлермен өзара есеп айырысу тексеру үшін негіз болды.

Облыс прокуратурасының хабарлауынша, іс материалдарын зерделеу қылмыстық істі тергеу барысында ЖК әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығын көрсететін мән-жайлар анықталғанын көрсетті.

Яғни, «Қайнар-АКБ» ЖШС-нің жеке кәсіпорындармен одан әрі өңдеу үшін пайдаланылған аккумляторлық батареяларды сатып алу мақсатында ынтымақтастық жасасқаны туралы факті расталады!

«Қайнар-АКБ» ЖШС, сондай-ақ осы компанияның контрагенттері қылмыстық процеске негізсіз тартылған болып шықты.

Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды!

Облыс бойынша ЭТД-не алынған құжаттар мен өзге де керек-жарақтарды қайтару тапсырылды!

 

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі