Жетістіктер тарихы

20.06.2022

Дұрыс ресімделмеген жер учаскесіне қатысты мәселе сотқа дейін жетті

10690

Шығыс Қазақстан облысы

ШҚО Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған соты құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ЖК Е.В. Пащенко ісі бойынша өндірісті тоқтатты.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов ШҚО-ға жұмыс сапары кезінде жеке қабылдау өткізген еді, оған ЖК Е.В. Пащенко жүгінді.

Кәсіпкер бизнес-омбудсменге өзі тап болған қиындық туралы айтты, МСҚБ тарапынан ЖК қатысты дүңгіршекті пайдалануға беру актісінің болмауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, сондай-ақ тексеру жүргізбестен бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Белгілі болғандай, ілгеріде берілген жер телімінде дүңгіршек орнату Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімімен келісілген. Сәулет эскизі қаланың бас сәулетшісінің мөрімен және қолымен мақұлданды.

Бизнес-омбудсмен прокуратурадан әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаудың негізділігі және ұйғарым беру бөлігінде МСҚБ әрекетінің заңдылығын тексеруді сұрады. Кәсіпкерлер палатасына бұл мәселені бақылауда ұстауды тапсырды.

«2022 жылдың 30 мамырында ШҚО Кәсіпкерлер палатасы облыс прокуратурасына МСҚБ нұсқамасының күшін жою және кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтату туралы өтініш жолдады.

2022 жылғы 3 маусымда облыс прокуратурасы МСҚБ ұйғарымының күшін жоюға қатысты наразылық енгізді. Наразылықта прокурор қаулының күшін жоюды, іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. Жауапкершілікке тартудың заңсыздығын тексеру шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге мораторийдің қолданылу кезеңінде жүргізілгенін айтып дәлелдеді», - деді ШҚО-дағы бизнес-омбудсмен өкілі Әлия Мұқашева.

Сот отырысында Өскемен қаласы прокурорының өкілі А. Карменов наразылықты қолдап, соттан қаулының күшін жоюды сұрады.

Іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ЖК Е.А. Пащенко орнатқан дүңгіршек құрылысының сенімді дәлелдемелерін сотқа ұсынбаған, өйткені тексеру жүргізілген жоқ, объектіге бармаған, объект қаралмаған, осыған байланысты сотта қаралатын объект құрылысының анықтығы да күмән тудырды.

Сондықтан, ШҚО Өскемен қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған соты «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ бас құрылыс мемлекеттік инспекторының 30 АЕК, 91 890 теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдана отырып, ЖК Пащенко Евгений Алексеевичті әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулысының күшін жойды.

Іс бойынша іс жүргізу әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, қала прокурорының наразылығы қанағаттандырылды.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі