Жетістіктер тарихы

29.03.2021

Алты жылға созылған әуре-сарсаң

838

Фото: ашық көздерден алынды

Бизнес-омбудсмен араласқаннан кейін Ақмола облысындағы шенеуніктер адал кәсіпкерге орынсыз соқтығуды тоқтатты. Заңсыз қаулылардың күші жойылды, кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің кеңесшісі Олег Савеленкоға Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

Бизнес-омбудсменнің атына жеке кәсіпкер А.Әлібаевтан өтініш келіп түсті. Ол 2016-2017 жылдары Көкшетауда аукцион арқылы 14 млн.теңгеге екі жер телімін сатып алғанын айтты. Кәсіпкер бизнес жүргізу үшін қажетті үй-жай салмақ болған. Ол өзіне сенімді еді. Дегенмен жергілікті атқарушы органдар тарапынан белсенді қарсылық көрсетілді. Бизнесменге талап-арыздар мен шағымдар қарша борайды, атап айтқанда: жер телімдеріне құқық белгілейтін құжаттарды жарамсыз деп тану туралы талап арыз, коммуналдық кәсіпорын тарапынан түскен негізсіз шағымдар, құрылыстың басталғаны туралы тізілімнен хабарламаны алып тастау туралы арыз.

Шенеуніктер кәсіпкердің меншік құқығы заңсыз деп танылуы үшін барын салды, алайда ол әрекеттерінен түк шықпады, сот шешімі кәсіпкердің пайдасына шығарылды. Сонымен қатар, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық уәкілетті орган кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу фактілерін анықтады. Көкшетау қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан да, Ақмола облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тарапынан да. Осыған байланысты, облыс әкімінің аппаратына кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау үшін материалдар жолданды.

Сонымен қатар, Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірдегі шенеуніктер тарапынан кәсіпкерге қатысты орын алған заңсыз іс-әрекеттер фактісі бойынша бизнес-омбудсмен кеңсесінің өтінішін қарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның берген жауабында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін негіз жоқ делінген. Дегенмен, ҚР Қылмыстық кодексінде заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргені үшін жазаны көздейтін баптар бар.

Бұл жағдайда Әлібаевтың бизнес-жоспарына қарсы схема жүйелі, жоспарланған түрде, кезең-кезеңімен жүзеге асырылғаны анық көрінеді, бұл жай ғана салғырт көзқарас емес, мұнда қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар.

Қазақстан Республикасының Президенті 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендердің жұмысына кедергі келтіру мемлекетке қарсы жасалған ауыр қылмыс ретінде қабылдануы тиіс екенін атап өткен болатын.

Енді кәсіпкерді алты жыл бойы әуре-сарсаңға салған әкімдік оның шығындарын қалай өтейді деген сұрақ туындайды. Тікелей шығындармен қатар, кәсіпкер сот шығындары, өкілдік шығындарды көтерді, жұмыс істеуіне мүмкіндік бермегендіктен, қаншама табыстан қағылды. Сонымен қатар, біздің елімізде заңдылықты қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттері, кейде әрекетсіздігі салдарынан болатын моральдық зиянды да ескерген жөн.

Бұл оқиғада лауазымды тұлға тек тәртіптік жауапкершілікке тартылып отыр!

Мемлекеттік қызметтер мен лауазымды тұлғалардың Мемлекет басшысының Жолдауын нақты орындағанын көзбен көрсек дейміз.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі