Жетістіктер тарихы

25.01.2021

Құлақтандыру жүйесінің жұмысы қайта жанданды

663

Фото: ашық дереккөздерден алынды

Елорда тұрғындарын құлақтандыру жүйесі қайта іске қосылды. Әкімдік пен Жүйені жеткізушінің арасында орын алған даулы жағдай бизнестің пайдасына шешілді.

Рет-ретімен айтар болсақ, 2020 жылғы қаңтарда бизнес-омбудсменнің атына "АТК" ЖШС-нен "Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңсыз әрекеттеріне қатысты өтініш келіп түсті.

2017 жылғы маусымда Орталық пен ЖШС арасында Нұр-Сұлтан қаласында халықты және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару органдарын құлақтандыру жүйесін құру бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған болатын.

2017 және 2018 жылдары Орталық жұмысқа ақы төлеп, орнатылған жабдықты өнеркәсіптік пайдалануға қабылдады. 2019 жылы компания шартты орындау бойынша жұмысты жалғастырды, бірақ қараша айында Орталық шартты біржақты тәртіппен бұзған. Шарт бойынша төленуі тиіс 138 880 000 теңге Нұр-Сұлтан мәслихатының шешімімен басқа қажеттіліктерге жұмсалады.

Компания мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысты, Астана қаласы әкімінің орынбасарымен кездесуге қол жеткізіп, атқарылған жұмыстарды қабылдап, ақысын төлеуді ұсынады. Бірақ нәтиже болмайды.

Нәтижесінде шарт бойынша орнатылған жабдық ажыратылып, ал елорда тұрғындары ТЖ болған жағдайда хабар алу мүмкіндігінен айырылады.

Мәселені шешуге бизнес-омбудсмен аппараты қосылды. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне хат жолдады.

Хатқа жауап ретінде әкімдікте "АТК" ЖШС шартта көзделген талаптарды тиісті түрде орындамағанын мәлімдеді. Содан кейін елорданың мамандандырылған экономикалық сотына жүгіну туралы шешім қабылданды.

"Атамекен" Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары сот отырыстарына қатысып, жұмыс кездесулерін ұйымдастырды. Нәтижесінде өзара іс-қимыл жоспары жасалып, іс жүзінде 2020 жылғы 19 наурызда өтетін сот отырысында барлық даулы мәселелер бойынша медиативтік келісім жасасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Алайда, енгізілген төтенше жағдайға байланысты сот процесі белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды. Бірақ құлақтандыру қажеттілігі туындаған кезде, жүйенің де қажет екені белгілі болды.

2020 жылғы 27 наурызда бизнес-омбудсменге "АТК" ЖШС тағы бір өтініш жолдады, онда 2020 жылғы 22 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге бағытталған профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде Төтенше жағдайлар департаментінің бастығына "хабарлау жүйесінің жұмыс істеуі бойынша жан-жақты шаралар қабылдау және жеке бақылауға алу" туралы тапсырма бергені жөнінде хабарланған еді.

Бірақ, жүйені нақты сынақтан өткізу 2020 жылғы 18 наурызда жүзеге асырылды, ал 2020 жылдың 21 наурызынан бастап Жүйе кесте бойынша теледидар мен радио хабарларын тарату, оның ішінде орнатылған сөйлеу арқылы құлақтандыру кешендерінің көмегімен елорда халқын хабардар ету сеанстарын жүргізеді.

Жүйені қосуды Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі басқармасының қызметкерлері жүзеге асырады. "АТС" компаниясының қызметкерлері өз кезегінде жүйе жабдықтарының мониторингін және оның жұмысқа қабілеттілігін, оның ішінде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне кеңес беруді қамтамасыз етеді.

2020 жылғы 23 наурызда әкім орынбасарының атына осы тапсырманың орындалғаны туралы хат жолданды. Себебі, енгізілген төтенше жағдай кезінде жүйені өзінің тікелей мақсаты бойынша пайдалану, шын мәнінде, жүйені өнеркәсіптік пайдалану фактісі болып табылады.

Сондай-ақ, ЖШС Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне хат жолдады. Хатта әкімнің 2020 жылдың 19 ақпандағы жүйені бір ай мерзімде қабылдау туралы тапсырмасы орындалмағаны туралы хабарланған еді.

Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар департаменті жартылай компания балансында тұрған жүйені белсенді қолданып отыр. Ал аталмыш жүйе өзіне жүктелген міндеттерді орындауда өзінің жұмыс қабілеттілігін дәлелдеді.

2020 жылғы 11 желтоқсанда Бизнес-омбудсменнің кеңесшісі Олег Савеленконың төрағалығымен орталық пен ЖШС басшыларының онлайн-кездесуі өтті, онда екі тарапқа да құлақтандыру жүйесін қабылдау бойынша жұмысқа кірісу ұсынылды. Сондай-ақ қабылдау-тапсыру актілеріне жедел қол қоюды қамтамасыз ету де ұсынылды.

Қазіргі уақытта барлық актілерге қол қойылды, жүйе орталықтың балансына қабылданды.

2021 жылдың қаңтарында ЖШС Орталыққа қажетті техникалық құжаттаманы беруі тиіс. Оны бергеннен кейін Орталық орындалған жұмыстарға ақы төлейді. Осылайша, бизнес-омбудсменнің басшылығымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жүйесі кезекті рет өзінің жұмыс қабілеттілігін көрсетті.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі