Жетістіктер тарихы

20.11.2020

Шекара маңы ынтымақтастығы: өзекті мәселе

559

Фото: ашық дереккөздерден алынды

Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің үйлесімді қарым-қатынасының арқасында көрші өңірлердің бизнесін қорғау жөніндегі бірлескен жұмыс өз жемісін беруде.

Оралда бейнеконференцбайланыс режимінде ынтымақтастықты жандандыру және шекара маңындағы кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Орынбор және Саратов облыстарындағы бизнес-қоғамдастықтың өзара қарым-қатынасындағы кедергілерді жою мәселелері бойынша кеңес өтті.

Бұл мәселеге өңір басшылары ерекше көңіл бөлетіні қуантады. Бейне байланыс түрінде өткен кеңес секцияларының бірі бизнестің мүдделерін қорғау мәселесіне арналды.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің БҚО бойынша өкілі Нұржан Мақсотовтың айтуынша, Батыс Қазақстан және Орынбор облыстары кәсіпкерлерінің мүдделерін білдіру және бизнесті қорғау мақсатында жыл сайын бірлескен іс-шаралар өткізіледі. Атап айтқанда, әкімшілік кедергілерді анықтау және жою, заңнаманы жетілдіру, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және т.б.

"Өңірлердегі бизнес өкілдері бизнесті қорғау жөніндегі уәкілдердің жұмысы мен функциялары туралы жақсы біледі деп сеніммен айтуға болады. Бес жылдан астам уақыт бойы бизнес-омбудсмендердің жұмысы қол қойылған меморандумдар, Жол карталары және жоспарлы іс-шаралар негізінде жүргізілуде. Біздің бірлескен жұмысымыздың негізгі басымдықтарының бірі бизнестің өзекті мәселелерін шешу болып табылады. Екі тараптың бизнесмендері төтенше жағдай жарияланған уақыттан бастап осы күнге дейін көрсетілген көмекті барынша сезінді, бұл жерде бизнес-омубдсмен институтының рөлі ерекше.

Мысалы, Қазақстандағы шектеу іс-шаралары кезінде кәсіпкерлерден мемлекеттік шекаралардың өткізу пункттері арқылы шығу және кіру, халықаралық жүк тасымалдау мәселелері, шарттық міндеттемелерді орындау және т.б. қатысты көптеген өтініштер келіп түсті, олар жедел түрде шешілді", - деді Нұржан Мақсотов.

Бұған дәлел ретінде БҚО Кәсіпкерлер палатасына жеткізу шарты бойынша БҚО Ақсай қаласындағы "Capital" ЖШС тарапынан шарттық міндеттемелерді орындау мерзімдерін бұзуға қатысты келіп түскен Орынборлық кәсіпкердің ("НИСТ-1" ЖШҚ) өтінішін келтіруге болады. Орынбор кәсіпорны пандемияның басында қатаң шектеу шараларының салдарынан шартқа сәйкес тауарды уақтылы жеткізе алмаған. Осыған байланысты ол істі сот талқылауына жеткізбеу туралы өтінішпен жүгінді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кеңсесінің көмегімен бұл мәселені сотқа дейін шешу мүмкін болды.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі