Жетістіктер тарихы

19.11.2020

Салықты қосымша есептеу заңсыз деп танылды

806

Фото: ашық дереккөздерден алынды

Бизнес-омбудсменнің көмегімен кәсіпкердің құқықтары қорғалды және салық органдарының әрекеттері заңсыз деп танылды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновке Алматы қаласындағы ірі компаниялардың бірі "Global Chemicals Company" ЖШС жүгінді.

ЖШС Мемлекеттік кірістер департаментінің іс-әрекетіне қатысты шағым түсірді, ал Мемлекеттік кірістер департаментінің пікірінше, компанияның контрагенттермен нақты экономикалық қарым-қатынасы болмағандықтан, салықты заңсыз қосымша есептеу орын алған.

Бұл мәселе бойынша Алматы қаласында салық қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы сот актісі шығарылды, алайда салық органы сот актісіне қатысты Жоғарғы Сотқа шағым түсірді.

ЖШС-нің заңды құқықтарын қорғау барысында бизнес-омбудсмен Жоғарғы Сот Төрағасына кәсіпкерді жеке қабылдау туралы өтінішпен жүгінді, сондай-ақ Жоғарғы Соттың сот алқасына Мемлекеттік кірістер органдарының кассациялық шағымын қанағаттандырмау туралы өтінішхатқа қосымша жіберді.

Жоғарғы сотта қарау қорытындысы бойынша жалпы сомасы 244 млн. теңгеге жуық салықты қосымша есептеу заңсыз деп танылды.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі