Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Негізсіз тоқтатылған қылмыстық іс қайта тергеуге жіберілді
Фото: ашық дереккөздерден алынды
БҚО Кәсіпкерлер палатасына ЖК Равдель М.В. жүгінді.
Ол өз өтінішінде сатушының өзіне тиесілі дүкеннен 1 млн. теңгеден астам сомаға тауар-материалдық құндылықтарды ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру кезінде әуре-сарсаңға салу орын алғанын және жүргізіліп жатқан қылмыстық іс негізсіз тоқтатылғанын атап өтті.
Бұл ретте кәсіпкер сотқа дейінгі тергеу органына ұрлық фактілерін растайтын бақылау камераларынан алынған бейнежазбаны, сатушының ұрлық сомасы туралы қолхатын бергеніне назар аударды.
Соған қарамастан, тергеуші істі тоқтатып, әр жолы тауарлардың ресми есебінің жоқтығына сілтеме жасаған, ал оның жеңілдетілген режимде жұмыс істейтіндігі және 1С түрінде бухгалтерияны жүргізуге міндетті емес екендігі туралы дәлелдерін ескермеді.
Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкердің дәлелдерін зерттеп, оның өтініші бойынша БҚО прокуратурасына хат жолдады.
Прокуратура бұл хатқа дереу жауап беріп, Орал қаласының прокурорына іс бойынша сотқа дейінгі тергеу органы қабылдаған шешімнің заңдылығын тексеру туралы тапсырма жіберді.
"Нәтижесінде, Орал қаласының прокуратурасы істі қайта тергеуге жолдай отырып, құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс жүргізуді тоқтату туралы сотқа дейінгі тергеу органы қабылдаған шешімнің күшін жойды. Бұл прокуратура органдарымен бірлескен жұмыстың нәтижесі", - деді БҚО бойынша бизнес-омбудсмен аппаратының сектор меңгерушісі Нұржан Мақсотов.
Сондай-ақ, қылмыстық іске қатысты тиісінше тергеу жүргізбеу фактісі бойынша қала прокуроры БҚО полиция департаментіне Орал қаласы Полиция басқармасының кінәлі лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жолдады.