Жетістіктер тарихы

29.10.2020

ҚР ҚІЖК-нің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік іс қозғалды

559

Фото: ашық дереккөздерден алынды

БҚО Кәсіпкерлер палатасына "Уральская нефтехимическая компания" ЖШС басшысы А.В. Дрянин жүгінді. Кәсіпкер Тасқала аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің өзінің кәсіпкерлік қызметіне араласуынан қорғауды сұрады.

Кәсіпкер ЖШС-ға қатысты ҚР ҚІЖК 334-бабының 1-бөлігі (жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексерумен келіспейді, сотқа дейінгі тергеу барысында Тасқала ауданының полиция бөлімі Тасқала ауылында көп отынды құю станциясын салу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге қатысты құжаттарды сұратады.

Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері кәсіпкердің дәлелдерін зерттеп, БҚО прокуратурасына тиісті хат жолдады.

Прокуратура бұл хатқа дереу жауап берді.

ҚР ҚІЖК 253-бабына сәйкес, іс жүргізу үшін маңызы бар белгілі бір заттар мен құжаттарды алу үшін қылмыстық қудалау органы мүдделі құжаттарды алу туралы дәлелді қаулы шығаруы қажет.

Ал егер құжаттарда заңмен қорғалатын құпия болса, ҚІЖК-нің 254-бабының 1-бөлігіне сәйкес алуды жүргізу туралы қаулыға тергеу судьясы санкция беруі тиіс.

"ҚР ҚІЖК-нің осы талаптарын бұзғаны үшін Тасқала аудандық полиция бөлімінің анықтаушысына қатысты тәртіптік іс қозғалды. Бұл істің қорытындысы туралы хабардар ететін боламыз", - деді БҚО бойынша бизнес-омбудсмен аппаратының сектор меңгерушісі Нұржан Мақсотов.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі