Жетістіктер тарихы

28.10.2020

Бизнес-омбудсмен Мемлекет басшысына еліміздегі бизнестің жағдайы жөнінде баяндады

539

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновты қабылдады.

Қазақстанда бизнес-омбудсмен институты 2016 жылы іске қосылды. Рустам Жүрсінов өз міндетіне ағымдағы жылдың 24 ақпанынан бастап кірісті. Институт осы 4 жыл уақыт ішінде өзінің тиімділігін көрсетті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндалды.

4 жыл ішінде 25 мыңнан астам шағым қаралды, 43%-ы оң шешімін тапты, 197 млрд теңге сомаға кәсіпкерлердің мүліктік құқықтары қорғалды.

Биыл пандемияға байланысты шағымдардың сипаты өзгерді. Әрбір үшінші өтініш (32% немесе 1189) ТЖ және карантин кезеңінде жұмыс істеуге рұқсат алумен байланысты болды. Шамамен 838 мыңға жуық компания зардап шекті.

Президентке коронавирус пандемиясының отандық бизнеске тигізген әсері туралы мәліметтер мен кәсіпкерлерге қолдау көрсету, соның ішінде еңбекақы төлеу қоры, жер қатынастары, салық салу мәселелері бойынша ұсыныстар ұсынылды.

"Санитарлық нормаларды сақтау бойынша тексеру алгоритмдері әзірленді, кәсіпкер, оның қызметкерлері мен тұтынушылары арасындағы жауапкершілік нақты бөлінді. Сіздің қолдауыңыздың арқасында салық жеңілдіктері, несиелік демалыстар және мемлекеттік мүлікті жалға алушы кәсіпкерлерді жалдау ақысын төлеуден босату сияқты теңдессіз қолдау шаралары көрсетілді, банкроттық рәсімдері тоқтатылды", - деп атап өтті Рустам Жүрсінов.

Сондай-ақ, бизнес-омбудсмен қазір барлық кәсіпкерлердің бір ғана өтініші бар екенін атап өтті, ол – барлық салалар бойынша жаппай шектеу енгізбей, жұмыс істеуге мүмкіндік беру, әр саланың ерекшелігіне қарай нақты мәселелерге назар аудару.

Бизнестің барлық жүйелік проблемалары бірыңғай дерекқорда – Проблемалық мәселелер тізілімінде жинақталады. Қазір онда 635 мәселе бар, оның 527-сі (83%) шешілді, 108-і мемлекеттік органдармен талқылау және шешу сатысында. Көбінесе бұл - салық, жер, инфрақұрылым, сатып алуларға қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті мемлекеттік органдардың жер мәселесін, жаңа реттеу саясаты мен еңбекақы төлеу қорына түсетін жүктемені төмендету жөніндегі ұсыныстарды егжей-тегжейлі зерделеу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, Президент "Сатып алулардың бірыңғай терезесі" порталының тиімділігі мен транспаренттілігіне баса назар аудару маңызды деген пікірде.

Бизнес-омбудсмен өз кезегінде, реттеушілік саясаттағы базалық тәсілдерді өзгерту және мүлдем жаңа кешенді әрі тиімді реттеуді құру арқылы мемлекеттік реттеудің бүкіл массивін түбегейлі қайта қарау жүргізілетінін айтып өтті. Кәсіпкерлік қызметтің неғұрлым өзекті салаларынан бастап барлық реттегіш құралдар мен шараларды кезең-кезеңімен қайта қарау жоспарланып отыр. Бұл - көтерме және бөлшек сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймалау, құрылыс, тұру және тамақтану бойынша қызметтер. Бұл салаларда 860 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі немесе елдегі жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің жалпы санының 65%-ы жұмыс істейді.

Мемлекет басшысы Рустам Жүрсіновке бизнеске қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың өсу себептерін анықтауға, бақылау-қадағалау қызметін реформалау тәсілдерін әзірлеуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ел Президенті кәсіпкерлерді рейдерліктен және құқық қорғау және бақылау органдарының заңсыз әрекеттерінен қорғауды күшейту жөнінде тапсырма берген болатын. Бизнес-омбудсменнің айтуынша, Бас прокуратура, Құқық қорғау органдары академиясы, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ҚК және ӘҚБтК-не түзетулер әзірледі. Енді оларды Парламенттегі ағымдағы заң жобалары шеңберінде іске асыру ұсынылады.

«Қылмыстық қудалау басталғанға дейін тексеру іс-әрекеттері институтын енгізу үшін Сіздің қолдауыңыз қажет. Бизнес үшін бұл өте маңызды. Себебі қазір қылмыстық іс қозғау үшін өтінішті тіркеу жеткілікті. Осы сәттен бастап тәркілеу, қамауға алу, шоттарды бұғаттау басталады – бизнестің жұмысы тоқтайды, жабылу ықтималдығы да артады. Біз осындай қатаң шараларға жүгінбес бұрын, алдымен өтініштерді тексеруді, фактілерге субъективті баға беруді, қылмыстық іс үшін негіздердің бар-жоғын анықтауды ұсынамыз»,-деп қорытындылады бизнес-омбудсмен.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі