Табыс тарихы

28.10.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновты қабылдады

260

Қасым-Жомарт Тоқаевқа  кәсіпкерлер құқын қорғау мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар мен отандық бизнесті қолдауға қатысты жоспар жайында баяндалды.

Рустам Жүрсінов Қазақстан Президентіне соңғы 4 жыл ішінде 25 мың өтініш қаралып, оның 43 пайызы оң шешілгенін, кәсіпкерлердің 197 миллиард теңге көлеміндегі мүліктік құқықтары қорғалғанын айтты. Бизнес-омбудсменнің айтуынша, санитарлық талаптарды сақтау жөнінде тәртіп әзірленді, кәсіпкерлердің, олардың жұмысшылары мен тұтынушыларының арасындағы жауапкершілігі айқындалды.

Мемлекет басшысына коронавирус пандемиясының отандық бизнеске тигізген салдары және кәсіпкерлерге қолдау көрсету жөніндегі ұсыныстар туралы ақпарат берілді. Нақты айтқанда, еңбекақы төлеу қоры, жер қатынастары, салық мәселелері жан-жақты айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жер қатынастары мен еңбекақы төлеу қорына салмақ түсірмейтін жаңа реттеу саясаты жөніндегі өзгерістерді тиісті мемлекеттік органдар мұқият зерттеуі қажет екенін атап өтті. Президент «Бір көзден сатып алу» порталының тиімділігі мен ашықтығына жіті мән беру керек деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Жүрсіновке бизнеске қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың арту себептерін анықтауға, бақылау-қадағалау қызметін реформалауды әзірлеуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

 

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі