Жетістіктер тарихы

28.05.2020

Интеграцияның күрделі жолы

670

Орынбор бизнес-омбудсмені Виктор Коршунов қазақстандық әріптестеріне шекараның екі жағындағы кәсіпкерлік қауымдастықтың проблемаларын шешу барысында тиімді жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді

Ілгеріде уәкілге Орынборлық "Н." ЖШҚ-ның басшысы Батыс Қазақстандық "B." ЖШС-нің директоры екеуінің арасында туындаған даулы жағдайды реттеуді сұрап жүгінген болатын. Даудың мәні мынада – екі тарап наурыз айында өнім жеткізу бойынша шарт жасасқан, алайда шектеу шаралары енгізілуіне байланысты шарттық міндеттемелерді орындау мүмкін болмаған. Аталмыш мәселе Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кеңсесінде жедел шешілді.

Ақтөбе облысының бизнес-омбудсменімен өзара тығыз қарым-қатынас барысында қазақстандық тасымалдаушылардың шекарадан өтуі бойынша мәселе пысықталды, тауарды жеке кәсіпкер Т. тасымалдайтын болды. Тараптар екі жақты келісімге келіп, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Виктор Коршунов Рустам Манарбекұлы Жүрсіновты Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалуымен құттықтады. "Мен сіздің кәсіпкерлікті қорғау және қолдау жөніндегі жұмысыңыздың табысты болатындығына және Ұлы Қазақстан экономикасын нығайтуға барынша қызмет ететіндігіңізге сенімдімін. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының өңірлік офистеріне пандемия мен шектеу шаралары жағдайында халықаралық серіктестермен білікті және мінсіз жұмыс атқарып жатқаны үшін зор ризашылығымды білдіргім келеді", - деп атап өтті Орынбор облысындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл алғыс хатында.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі