Жетістіктер тарихы

05.05.2020

Несие төлемін кейінге шегеру мүмкіндігіне ие болатын кәсіпкерлер қатары көбейе түспек

932

Бизнеске қарызын төлеуді тоқтата тұруға мүмкіндік беретін тізім 11-ге дейін кеңейтілді.

Экономика салаларының тізімі кеңейтілді, осы тізім аясында кредиттік ұйымдар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде жеке кәсіпкерлердің банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша негізгі борышы мен сыйақы бойынша төлемдерін тоқтата тұруды жүзеге асырады. Бұл туралы "Фейсбуктегі" парақшасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов хабарлады.

" ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен негізгі борыш пен қарыздар бойынша сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру тәртібіне қатысты жауап алдық. Енді тізімге экономиканың 11 саласы кіреді: өңдеу өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда, көлік және қоймалау, тұру және тамақтандыру бойынша қызмет көрсету, жылжымайтын мүлікпен операциялар, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет, білім беру, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету, өнер, ойын-сауық және демалыс, өзге де қызмет түрлерін ұсыну", - деп хабарлады бизнес-омбудсмен.

Оның мәліметінше, 2020 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша несие ұйымдары 26,2 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің ішінен 145,7 млрд.теңге сомасына 11 616 субъектінің төлемдерді тоқтата тұру туралы өтінімдерін қанағаттандырды.

"Кейінге қалдырылған төлемдерді төлеу мерзімінің соңына ауыстыру мәселесіне қатысты Агенттіктің пікірі мынадай - қарызды өтеудің жаңа кестесін қарыз алушының қаржылық жай-күйін, оның қарызға қызмет көрсету қабілетін негізге ала отырып, қарыз алушының келісімі бойынша екінші деңгейлі банктер жеке тәртіппен анықтауы тиіс. Бұл ретте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз мерзімі аяқталғаннан кейін тоқтатылған төлемдерді өтеу барынша ымыралы және лайықты шешім болып табылатынын атап көрсетеді. Осыған байланысты, берешекті өтеудің өзге кестесін белгілегісі келетін жекелеген қарыз алушылар үшін қарыз мерзімін автоматты түрде ұзарту талап етілмеуі де мүмкін", – деп хабарлады Рустам Жүрсінов.

Бұған дейін Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне мерзімі ұзартылған төлемдерді өндіріп алу бойынша нақты тетікті енгізу қажеттілігі туралы ұсыныс жолдаған болатын.

Карина Әлімова

Ақпарат көзі: https://inbusiness.kz/ru/news/bolshe-predprinimatelej-mogut-poluchit-otsrochku-po-kreditam

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі