Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсменмен жұмыс кездесуі туралы
Облыс прокуроры Берік Абиловтың Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновпен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды одан әрі күшейту мәселелері бойынша ақпарат және пікір алмасу жүргізілді.
Облыс прокуратурасы жүргізілген қадағалау жұмыстарына, прокуратура жанындағы мобильдік топтарға келіп түскен өтініштерге назар аударды.
2023 жылдың өткен кезеңінде анықталған бұзушылықтар бойынша прокурорлар 207 қадағалау актісін енгізді, 15 941 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, жалпы сомасы 297 млн.теңгеге айыппұл салумен 28 заңсыз тексеру және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 150 қаулы жойылды.
Жол берілген бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің әртүрлі түрлеріне 32 лауазымды тұлға тартылды.
24 бизнес субъектісінің құқықтарын қозғайтын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолданбағаны үшін, сондай-ақ қадағалау актісіне уақтылы жауап бермегені үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 664-бабы бойынша Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 13,8 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.