БАҚ омбудсмен туралы

17.05.2023

Қазақстанда бизнесті қисынсыз талаптармен тұншықтыру кімге тиімді?

477

Коллаж: Ulysmedia.kz

Бизнеске қатысты енгізілген жаңа реттеу саясаты бойынша қаңтардан бастап міндетті талаптар тізілімі жарияланды. Біз осы мәселеге тереңірек көз жүгіртіп көрдік. Өйткені мемлекеттік органдар тарапынан бизнеске қатысты жөнсіз талаптардың көп болғанын білеміз.  Осыдан 10 жыл бұрын дәл осы тексеру парақтарында бизнеске қатысты көптеген қажетсіз, ескірген  талаптардан көз сүрінетін еді. Кейбіреулері тіпті ақылға қонымсыз, түсіну мүмкін емес болатын. Әрине, мұның бәрі бизнестің дамуына кедергі келтіргені сөзсіз. Содан бері бұндай бизнеске қойылған жөнсіз талаптардың біршамасы алынып тасталды деп жазады Ulysmedia.kz.

Мысалы, бір кездері санитарлық ережелерде тамақтану үшін суық тағамдарды дайындауға арналған бөлмелер ғимаратттың тек солтүстік-батыс жағында орналасуы керек деген талап болған. Бұл норма енді тіпті қисынсыз, талапты орындау үшін аспаз компас ұстап жүру керек қой.

Тағы да бір ақылға қонымсыз талаптардың бірі - торттарды кесектерге бөліп сатуға рұқсат етілмегені. Енді бір қызықты жәйт - омлеттердің қалыңдығы 3 см стандартқа сәйкес болуы керек. Сонда бұл норманы орындау үшін аспаз қолына сызғыш ұстап тұруы керек болғаны ма?! Айта берсең бизнеске қойылған мұндай талап-міндеттерге қатысты мысалдарды тізіп шығуға болады.

Осындай ақылға қонымсыз жайттар қалыпты жағдайға айналып кетпес үшін 2017 жылы Кәсіпкерлер палатасы шындап іске кірісіп, айтарлықтай іс атқарылғанын еске сала кеткен жөн болар. Сол жылдары мемлекеттік органдар мен бақылаушы органдар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге барлық нормативтік-құқықтық базаны  талдаудан өткізген болатын. Бұл мәселені Ұлттық палатаның ең жоғарғы органы ретінде сол кездегі «Атамекен» Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев бірнеше рет көтерген болатын. Оның айтуынша, сол жылдары ел бойынша бақылау мен қадағалауды 61 ведомство жүзеге асырды. Алдын ала талдау көрсеткендей, әртүрлі салаларда 512 бақылау функциясы және тексеруге қатысты 28 мыңнан астам талап бар болып шыққан. Осы 28 мың талаптың 11 мыңы Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға қатысты болған. Нәтижесінде жүргізілген жаппай тексеріс бизнеске қойылған 8 мың талапты алып тастауға болатынын көрсетті. Осылайша, бизнеске түсетін ауыртпалықты азайтуға алғашқы қадам жасалды.

Ал 2018 жылы бұл жұмыс жалғасын тауып,  Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды.

Естеріңізде болса, 2021 жылы Кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеуші саясат мәселелері жөніндегі заң қабылданды. Аталмыш  Заңға сәйкес, барлық талаптар адам өміріне, олардың денсаулығына, экологияға, құқықтық тәртіпке қатысты туындайтын тәуекелдерді ескере отырып, бизнеске қойылатын  талаптардың «таза парақтан» қайта жазылуы керектігін көрсетті. Бұл талаптар ашық, нақты әрі бизнеске түсінікті болуы керек деген қағиданы негізге алды.

Бұл Заңға сәйкес, барлық мемлекеттік органдар 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін ведомствоаралық комиссияға келіп, бизнеске қоятын әрбір талапты дәлелдеуі тиіс. Бұл – аталмыш Заңдағы ең маңызды талаптың бірі. Әр талаптың жарамдылық мерзімі шектеулі болады, реттеушілер, айталық, 7 жылда бір рет келіп, олардың талабы әлі де өзекті екенін дәлелдеуі керек.

 «АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП ҚР ҰЭМ-мен бірге

Кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеу саясаты мәселелері жөніндегі заң қабылданды (30.12.21 ж. № 95-VII)

ЖҰМЫС КЕЗЕҢДЕРІ

2021 жыл

Жаңа реттеуші саясат мәселелері бойынша заң қабылданды

2021 – 22 жж

24 салада түбегейлі тексеріс жүргізілді

2022 жыл

РӘТ реформасы, ӨРҰ жетілдіру

2023 жыл

20 салада түбегейлі тексеріс жүргізілді

2023 жыл

Тексерулер мен кәсіби бақылау кестелерін қалыптастыру кезінде мемлекеттік бақылаудың жаңа тәсілдері мен ТБЖ автоматтандыру күшіне енеді

2024 жыл

Негізгі тәсілдерге сәйкес келмейтін барлық талаптар заңсыз болады

Дереккөз: Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің ресми сайты https://ombudsmanbiz.kz/rus/ezhegodnyi_doklad/

Бірақ мұны мемлекеттік органдар өздігінен іске асырып отыруы үшін оларды қалай ынталандыруға болады? Қалай дегенмен, бұл талап олардың мүдделеріне қарсы ғой. Сондықтан кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін құру туралы шешім қабылданды. Барлық мемлекеттік органдар бизнеске қойылатын талаптарды тізілімге енгізуге міндетті. Егер қандай да бір талап тізілімде болмаса - құқықтық «гильотина» автоматты түрде іске қосылады. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік орган осы талаптың орындалуын тексеру және оны орындамағаны үшін жазалау құқығынан айырылады.

Егер 2023 жылдан бастап талап Тізілімге енгізілмесе, онда ол бойынша Мемлекеттік орган  бизнесті тексере алмайды, сәйкесінше талап орындалмаған жағдайда жазалай да алмайды. Талап тізілімде болмаса, жазалау да болмайды.

Айта кетейік, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов биылғы жылдың басында өңірлердегі бизнестің 2022 жылы көтерген ақылға қонымсыз нормалары туралы жазған болатын.

Бизнес-омбудсмен тілге тиек еткен мәселелердің бірі – ел ішіндегі, экспорттық және импорттық қатынастарда теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауда туындайтын қиындықтар. Нақтылап айтсақ, кәсіпкерлер жүктерді жеткізу мерзімдерінің  сақталмайтынына, поездар қозғалысының жиі кейінге қалдырылатынына, кейбір бағыттар бойынша жүктерді тасымалдауға конвенциялық тыйым салынатынына, сондай-ақ ҚТЖ маневрлік локомотивтерінің тапшылығына шағым айтқан.

Сонымен қатар, электрондық шот-фактураларды жаппай негізсіз бұғаттау мәселесі де айтылды. Салық органдары ЭШФ талдауы негізінде камералдық бақылау қорытындылары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жаппай жасайтыны, ал бизнестің дәлелдері назарға алынбайтынын айтқан.

Мәселен, балық өнімдеріне еурокод алудың мүмкін еместігі де ақылға қонымсыз норманың бірі. Өйткені, бізде балық өнімдерін экспорттауға өнімді жіберу үшін кәсіпорынның сәйкестігін анықтау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган жоқ. Ал Еуропалық одақ тізіліміне енгізу үшін еурокод алмай экспорттау мүмкін емес.

Көріп отырғанымыздай, бизнес көтерген көптеген мәселе мұқият талдауды қажет етеді, өйткені олар «таза парақтан» реттеу саясатына сәйкес келмейді.

Бұл мәселелердің барлығын реттеу үшін Үкіметпен бірлесіп кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясатты енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта талдау бойынша жұмыс 44 саланың 38-де аяқталған. Талдау қорытындысы бойынша 38 салада 105 989 талап анықталыпты, оның ішінде 9 838 талап (9,3 %) жаңа реттеуші саясаттың базалық шарттарына сәйкес келмейді және жойылады немесе қайта қаралады. Яғни, жұмыс әлі де жалғасып жатыр.

 

«ТАЗА ПАРАҚТАН» РЕТТЕУ

«АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП ҚР ҰЭМ-мен бірге

Кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеуші саясат мәселелері бойынша 2 түзетулер пакеті әзірленді

ҚАРАЛДЫ

2 463 НҚА (39 сала)

ТАЛДАНДЫ

106 303 талап

БАЗАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРГЕ СӘЙКЕС КЕЛМЕЙДІ

9,3%

 

ЖҮРГІЗІЛДІ

29 сараптамалық сұхбат

САУАЛНАМА

216 бастапқы салалар бөлінісіндегі кәсіпкерлік субъектілері арасында

ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫ

44 салалық топ

КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТЕР

200

Дереккөз: Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің ресми сайты https://ombudsmanbiz.kz/rus/ezhegodnyi_doklad/

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі