БАҚ омбудсмен туралы

08.11.2022

Еліміздегі салық жүйесін Дүниежүзілік банк әдістемесі бойынша есептеу ұсынылды

529

АСТАНА. ҚазАқпарат – Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов салық жүктемесінің коэффцентін Дүниежүзілік банк әдістемесі бойынша есептеуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылғы іскерлік климат» атты зерттеудің қорытындысы бойынша, кәсіпкерлердің 17%-ы салықтың тым жоғары екенін айтса, 5%-ы салық органдарының тарапынан қысым бар екенін айтқан.

Салық жүктемесін есептеу әдістемесін қайта қарау қажет деп есептейміз. Салық жүктемесінің коэффицентін Дүниежүзілік банктің әдістемесі бойынша есептеуді ұсынамыз.

Қазіргі таңда бүкіл кәсіпкерлер үшін еңбекке ақы төлеу қорынан шағын бизнестің арнайы салық режиміне бірыңғай төлем енгізу туралы түзетулер жобасы қаралып жатыр», - деді ол Facebook-тегі парақшасында.

Ұлттық экономика министрлігінің есебі бойынша, мемлекет жалпы сомасы 4,5 трлн теңге болатын 277 түрлі салық жеңілдігін ұсынып отыр.

«Оның 50%-дайы қосымша құн салығы бойынша жеңілдіктер. Бірақ қосымша құн салығын саралап тағайындамаса, қазіргі жеңілдіктерді сақтап қалу мүмкін емес.

Қазіргі таңда Президент тапсырмасы бойынша, Салық саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Бұл тұжырымдама қабылданса, аталған проблема шешімін табады деп үміттенемін», - дейді Рустам Жүрсінов.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі