БАҚ омбудсмен туралы

10.07.2017

Алматы облысының шенеуніктерін заңсыз іс-әрекеттері үшін ұялтты

1066

04 Шілде 2017 - Алматы облысы

Әкімшілік жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтаруды талап еткен

Алматы облысының жер пайдалануды бақылау және қорғау басқармасы мен кәсіпкер арасындағы сот процесі кәсіпкердің пайдасына шешілді. Бұл әңгіме мемлекеттік орган тарапынан нұсқама көшірмесі берілген күннен бастау алған болатын.  Наурыз айында «Страхова В.М.» ЖК-нің директоры Валентина Страхова басқармадан жер заңнамасының бұзылуын түзету жөнінде екі нұсқама алады, яғни жер телімін нысаналы мақсат бойынша пайдалану керектігі жөнінде. Дәл сол күні кәсіпкерге тексеру жүргізілетіндігі жөнінде хабарлама беріледі. Мемлекеттік орган «Страхова В.М.» ЖК-не салық заңнамасын бұзушылықты түзету жөнінде нұсқама жазып береді. Алайда, дәл сол уақытта, жердің иесі Страхова Валентина болатын. Сонымен қатар, аталмыш жер теліміне тыйым салынған, осының салдарынан жер телімінің шекарасын белгілеуді сұраған өтініш берілген болатын. Бұдан бұрын Іле ауданының сәулет бөлімі ЖК-ге сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруден бас тартқан еді. Сондықтан да кәсіпкер жер телімін пайдалана алмай келген.

Ал нұсқама беруге Боралдай әкімінің аппаратының жазған хаттары негіз болған, олар ЖК жер телімін  нысаналы мақсат бойынша пайдаланып отырған жоқ деп күмән келтіріп, жер телімін мемлекет меншігіне қайтару мәселесін көтерген болатын. Дегенмен, мемлекеттің органның пікіріне кәсіпкерлердің айтар уәжі бар еді. Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының сарапшылары Валентина Страхова мен Михаил Страховқа сотқа жүгінуді ұсынды.

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты кәсіпкердің жерді нысаналы мақсатында пайдалануы мүмкін емес деген қаулы шығарды. Жер кадастры мен коммерциялық емес «Азаматтар үшін билік» мемлекеттік корпорациясы» АҚ-ның мәліметіне сәйкес, жер теліміне құрылыс нысандары салынып жатқан өзге жер телімдеріне қатысты тыйым салынған. Соттың пікірінше, бұл жайды уәкілетті орган тексеру жүргізу арқылы немесе құзіретті органдарға сұрау жіберу арқылы анықтауына әбден болатын еді. Дегенмен мемлекеттік орган мән-жайды анықтау үшін ешқандай сұрау жібермеген.

«Ауылдық округ әкімі өкілінің тыйым салу меншік иесі жер телімін пайдаланбағандықтан болды деген дәлелдері назарға алынбайды. Өйткені заңнама нормаларына сәйкес жергілікті атқарушы орган адымен жерді алып қою мәселесін шешіп, сосын барып аталмыш жер телімін өзге жер пайдаланушыларға беруі керек еді», - делінген сот шешімінде.

Сонымен қатар сот ЖК-ге СЖТ беруден бас тартқан Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі жұмысындағы заңсыздықтарға назар аударды. Сәулет органдарының тыйым салуынан кейін жер иесі құрылыс жұмыстарын бастай алмай бөгелген.

«Жерді пайдалану мен қорғауды бақылайтын уәкілетті орган мән-жайды ауданның сәулет бөліміне сұрау түскен кезде-ақ білулеріне болар еді. Дегенмен, мұндай шара қолданылмаған, яғни нұсқама жазуға асыққандықтары көрініп тұр», - делінген шешімде.

Сондай-ақ, белгілі болғандай, деректер базасында тыйым салу жөнінде нұсқамалар тіркелмеген болып шықты.

Осылайша, Алматы облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасының нұсқамасының күшін жойып, жіберілген заңбұзушылықтарды жөндеуді тапсырды.

Ақпарат көзі: http://palata.kz

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі