Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Бизнес-омбудсмен Жетісу облысының кәсіпкерлерімен кездеседі
Анонс
13 қыркүйекте Жетісу облысына Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов барады.
Алдымен бизнес-омбудсмен Талдықорған қаласында «Атамекен» ӨКП ғимаратында кәсіпкерлерді жеке қабылдайды.
Келесі күні облыс әкімімен, содан кейін құқық қорғау органдарының басшыларымен кездеседі.
Сонымен қатар, Рустам Жүрсінов «Қайнар-АКБ» ЖШС объектісіне, яғни аккумулятор зауытына барады.
Жеке қабылдау өтетін күні мен орны: 2022 жыл 13 қыркүйек, 15.00 – 18.00, Талдықорған қаласы, 8-шағын аудан, 2 «А» ғимараты, Көрме орталығы.