БАҚ омбудсмен туралы

15.06.2022

Арнаулы салық режимін бизнестің қай түрі пайдалана алмайды

390

Informburo.kz

Фото ашық дереккөзден алынды

АСР қолдану шарттарын шектейтін өзгерістер сауда алаңдарын жалға алатын және жалға беретін, маркетингтік қызмет көрсететіндерге әсер етеді.

Арнайы салық режимін қандай бизнес субъектілері қолдана алатыны туралы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов хабарлады.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 683-бабына енгізілген өзгерістер өз күшіне енеді, өзгеріс арнаулы салық режимін қолдану шарттарын едәуір қысқартады.

Бизнесмендерге көмек қолын созу үшін Рустам Жүрсінов Мемлекеттік кірістер комитетімен Салық кодексінің 683-бабының ережелерін қайта қарау қажеттігі туралы келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде, АСР пайдалануға мүмкіндік бермейтін шарттардың көп бөлігін алып тастау туралы келісімге қол жеткізілді.

«Енді кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын жылжымайтын мүліктің бір бөлігін төлем терминалына, су аппаратына, көкөніс-жеміс сөресіне және басқаларға жалға берсеңіз, АСР сіз үшін қолжетімді болады», - дейді кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл.

Ол түзету жобасы әзірленгенін, 2023 жылы өз күшіне енетінін айтып өтті.

«АСР қолдану шарттарын шектейтін өзгерістер сауда базарларындағы сауда объектілерін, үлкен алаңды қамтитын сауда объектілерін қосалқы жалға беретін кәсіпкерлерге ғана, сондай-ақ осындай қызметтер көрсетілетін бір қонақ үйдің немесе жеке тұрған тұрғын емес ғимараттың аумағында қонақ үй қызметтерін ұсыну саласындағы екі және одан да көп салық төлеушілердің қызметіне ғана қатысты болады», - деп түйіндеді Рустам Жүрсінов.

 

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі