Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Бизнеске қалай көмектесуге болады?
«Алтын-Орда» интернет газеті
«Ұлттық мүдде» бағдарламасы аясында «Хабар» арнасының студиясында бизнес-омбудсмен, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов қонақта болды. Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаның тұрақты жүргізушісі - журналист Ерлан Бекхожин. Қаңтардағы қайғылы оқиғалар барысында шағын және орта бизнес зардап шекті. Ресми статистикаға сәйкес, бизнеске келтірілген шығын 100 млрд.теңгеден асты. Саяси өзекті бағдарламаның кезекті шығарылымында бизнес және өзге де мәселелер талқыланды.
Жүрсінов еліміздің тоғыз өңірінде 1841 кәсіпкерлік нысан зардап шеккенін атап өтті. Кәсіпкерлерден 1514 өтінім келіп түсті. Жалпы сомасы 645 миллион теңгеге 362 өтінім қаралды. Бюджет қаражаты арқылы 212 миллион теңге сомасына 140 өтінім мақұлданды. Әкімдік жанында бизнеске көмек көрсету қоры бар. Қордан 222 өтінімді қанағаттандыру үшін жалпы сомасы 432 миллион теңге қаржы бөлінді. Бәріне көмектескіміз келеді. Адамдардан әлсіздікті байқадық, үміті үзіле бастағандай. Олар заңсыз әрекеттердің құрбаны болды.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арқылы бизнес-омбудсмен және оның қызметкерлері іс-қимыл алгоритмін алды. Не істеу керек. Осындай қиын жағдайда қалай әрекет ету керек. Бірінші кезекте «Атамекенге» ішкі істер органдарына жүгінуге тура келді. Келіп түскен барлық өтініштер қылмыстық әрекеттердің салдары болып табылады. Ал қылмыстық әрекет тіркелуі керек. Бизнесмендер тексеру хаттамасын ұсынуы тиіс. Криминалистер бейнежазбаларды көтеріп жатыр. Саусақ іздеріне баса назар аударуда.
Барлық бір жарым мың нысан тексерілді.
Бекхожиннің мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынаста жаңа тәсіл қалыптасып жатыр ма деген сұрағына Жүрсінов өзінің оптимист екенін айтты. Бизнес саласын реформалаудың барлық алғышарттары бар. Кәсіпкерлердің жағдайын жақсартамыз деген нақты сенім де бар. Тоқаевтың алғашқы тапсырмасы кеденге қатысты болды. Президент бизнес саласында жаңа кезеңдер мен жаңа ережелер орын алатынын атап өтті. Жүрсінов баға статистикасын ашу керек деген пікірде. Елге тауар әкелген әрбір адам оның құны туралы есеп беруі керек. Бүгінде елімізге әкелінген тауардың бағасы әртүрлі болып келеді. Бәсекелестік артықшылық тауарларды заңсыз жолмен әкелетіндердің жағында болады. Баға туралы ақпарат жеткілікті түрде ашық емес. Қазақстанға еркін бәсекелестік қажет.
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Мемлекет басшысының сөзінен кейін мемлекеттік органдар өз жұмысына белсене кірісіп кеткенін атап өтті. Президенттен келетін хабарламалар өте маңызды және өзекті. Үкіметтің іс-қимыл жоспары дайындалуда. Біз қысқа мерзімде, түсінікті түрде жетістіктерге қол жеткізуіміз керек. Құрылымдық және сапалы өзгерістер қажет.
Әйгерім Малеева