Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті
Алматы қаласы
2023 жылғы 27-28 сәуір аралығында Алматы қаласында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға министрліктің, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты.
Кездесуде Алматы қаласының мемлекеттік кіріс департаментінің 2022 жылғы және 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы қызмет нәтижелері, азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттыққа байланысты мәселелер, кеден органдарының баға ақпаратын пайдалануы, сондай-ақ жаңа Салық кодексінің жобасына тұжырымдамалық тәсілдер талқыланды. Сондай-ақ, бизнес пен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимылының өзекті мәселелері қаралды.
Қоғамдық кеңес мүшелері «Қалжат» кеден бекетінің қайта құру жұмыстарымен, сондай-ақ кедендік тазарту және бақылау бойынша бизнес-процестермен танысты.
Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері салықтық және кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар берді. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Рустам Жүрсінов кеңестің қызметі мемлекеттік органның халықпен байланысының тиімді тетігі болып табылатынын және талқыланған барлық мәселелер мұқият зерделеніп, жұмысқа қабылданатынын атап өтті.