Баспасөз хабарламалары

28.11.2019

Қарағандыда кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша Жол картасына қол қойылды

879

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов 2020 жылы өңірдегі кәсіпкерлік қызметті қолдау жөніндегі Жол картасына қол қойды, деп жазады karaganda-region.gov.kz.

Құжат кәсіпкерлердің жүйелі проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Оның ішінде: жер учаскелерін алу, жылу мен электр энергиясын қосудың техникалық шарттарын алу, бизнес субъектілері үшін коммуналдық қызметтердің тарифтерін бақылау және т.б.

Келесі жылы ақпан айының басында өңірде жер телімдерін мониторингілеу үшін жұмыс тобы құрылады. Монитоинг жүргізу арқылы қандай жердің игерілгендігін және пайдаланылатынын анықтау көзделіп отыр. Топ құрамына Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мүшелері, бизнесмендер, облыс прокуратурасының және басқа да құрылымдардың өкілдері кіреді.

Дәл осы уақытта алып қойылған жер учаскелерінің бірыңғай тізілімі іске қосылады, содан кейін оларды сауда-саттыққа немесе аукционға шығарады.

2020 жылдың наурыз айынан бастап Қарағанды облысының әкімдігі жанындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың іс-әрекетіне шағымдану жөніндегі келісім комиссиясы өз жұмысын бастайды.

Осы мерзімге қарай жергілікті атқарушы органдар бизнестің ауыл шаруашылығы субсидияларына қол жеткізуін жақсарту бойынша талдау жүргізіп, ұсыныстар енгізуі тиіс.

Сондай-ақ, Жеңіс Қасымбек пен Болат Палымбетов кәсіпкерлік мәселелері бойынша комиссияның кезекті отырысын өткізді. Кездесу барысында жергілікті бизнесмендер өздерін толғандыратын ең өзекті мәселелерді атап өтті. Жер телімдерін және электр мен жылуға қосылуға техникалық шарттарды алу тәрізді өзекті мәселелер жөнінде, тексерулер, мемлекеттік сатып алулар және мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы істерді сотта қарау бойынша теріс тәжірибе мәселесі қозғалды.

Бұл мәселелердің барлығын да тұрақты негізде шешетін болады. Қазірдің өзінде Қарағандыда бизнес үшін сумен қамтамасыз ету тарифін 20%-ға төмендетті.

Коммуналдық қызметке қосылуға арналған техникалық шарттарды бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейтін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан алуға болады. Бұл жүйенің мүмкіндіктерін 1 600-ден астам кәсіпкер пайдаланып та үлгерді.

2018 жылдан бастап облыста кәсіпкерлерге қызмет көрсету және қолдау көрсету үшін Atameken Services онлайн-порталы іске қосылды, мұнда әрбір кәсіпкер үшін қажетті қызметтің біршамасы онлайн режимде қолжетімді болды. Бұл ретте қызмет көрсету мерзімі орта есеппен 2 айдан 1-3 күнге дейін қысқарды.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі