Баспасөз хабарламалары

05.08.2016

Өнім жеткізілді. Төлемі қайда?

3823

Солтүстік-қазақстандық «AVAGRO» фирмасы үш айдан астам уақыт бойы жеткізілген техника және ауылшаруашылық жабдық үшін «ҚАЗАГРОФИНАНС» акционерлік қоғамынан ақша ала алмай келген. Ұлттық компания берешегінің сомасы — 36 450 000 теңге, деп хабарлайды Мой Город порталы СҚО Кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасай отырып. «AVAGRO» ЖШС басшысы Николай Ерохин бұл түйткіл жайлы Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовке оның 14 шілде күні СҚО-ға жасаған сапары барысында айтып берді. Түйткілді шешуге облыстағы Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері кірісті. 

Олар «ҚАЗАГРОФИНАНС» АҚ Басқарушы директорына туындаған үш айлық берешек бойынша «AVAGRO» ЖШС шарттық міндеттемелері мен заңды мүдделерінің бұзылғаны жайлы талаппен жүгінді. Палата сарапшылары мен «ҚАЗАГРОФИНАНС» АҚ өкілдерімен арада болған сындарлы сұхбаттың арқасында компания кәсіпкерлер алдындағы қарызын толық жапты. «AVAGRO» ЖШС өкілі Николай Калинин СҚО Кәсіпкерлер палатасында өткен брифинг кезінде бизнес-омбусмен мен Кәсіпкерлер палатасы мамандарына көрсеткен құқықтық қолдау үшін алғысын білдірді. Халықаралық заңгерлер қауымдастығының пікірінше, омбудсмен институты – бұл конституцияда немесе заң шығарушы билік актісінде көзделген және жоғары дәрежелі тәуелсіз бұқаралық лауазымды тұлға басқаратын қызмет.

Мұндай тұлға Мемлекет басшысының алдында жауапты, мемлекеттік органдардың, қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне кәсіпкерлерден шағымдар алады, және де кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін таныту, қамтамасыз ету және қорғау мақсатында, сол сияқты кәсіпкерлік қоғамдастық мүдделерін қорғау жолында әрекет етеді. Бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесіндегі басты оқиғалардың бірі деп президенттік сатылас биліктің  жаңа құрамдасы ретіндегі кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымының пайда болуын сеніммен атауға болады. Мемлекеттік басқарудың аталмыш әдісі көптеген шет елдерде шаруашылық қызметті жүзеге асыру процесінде кәсіпкерлерге ұшырасатын төрешілдік мәселелерді шешудің тиімді құралы ретінде өзін көрсетіп үлгерді.

Анықтама: омбудсмен институты қазіргі күнде түрлі басқару нысанындағы 50-ден астам елде бар: президенттік республикаларда (Финляндия, Франция, АҚШ), парламенттік республикаларда (Швейцария, Австрия, ГФР), конституциялық монархияларда (Дания, Норвегия, Швеция, Испания, Австралия, Нидерланд, Ұлыбритания, Канада). Мемлекет басшысының 2016 жылғы 19 ақпандағы өкімімен Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл болып Палымбетов Болат Әбілқасымұлы тағайындалды. Осылайша Қазақстанда алғаш рет бизнес-омбудсмен институты пайда болды. Жаңа құрылымға билік органдарының бизнеспен әрекеттестігі саласындағы жұмыстарын тексеру жөніндегі кең көлемді өкілеттік берілген. Бизнес-омбудсмен «Атамекен» ҚР ҰКП тұрғызған жүйесін басқарып отыр, яғни оның қызметін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қамтамасыз етеді, себебі кәсіпкерлік мәселелері мен түйткілдері бойынша барлық статистика дәл осы жерде шоғырландырылған, қазақстандық бизнесті қорғау жүйесі жасақталған.

Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін таныту, қамтамасыз ету, қорғаумен бірге бизнес-омбудсменнің басты функцияларының бірі олардың өтініштерін қарау. Омбудсменге теңдессіз өкілеттіктер берілген: әрекеттері (әрекетсіздіктері) кәсіпкерлер құқықтарын бұзған мемлекеттік органдарға бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге арналған шараларға қатысты ұсыныстар, сондай-ақ заңға қосымша нормативтік құқықтық актілерді тоқтату жөнінде ұсыныстар жіберу. Мемлекеттік органдар пікірімен келіспеген жағдайда ол прокуратура органдарына кәсіпкерлердің бұзылған құқықтарын одан арғы қалпына келтіру мақсатында өтінішхаттар жолдай алады. 

Сонымен қатар кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қалпына келтіру мақсатында өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы. Егер кәсіпкерлер құқықтарын бұзу жүйелік сипатқа ие болса және түйткілдерді мемлекеттік органдар деңгейінде шешу мүмкін емес болса, Кәсіпкерлер құқықтары жөніндегі уәкіл өтінішті Қазақстан Республикасының Президенті қарауына енгізуге құқылы. Палымбетов Болат Әбілқасымұлы 14 шілдеде өңірлерге бару жөнінде жоспарланған іс-шаралар аясында облысымызда болып қайтты. Кәсіпкерлермен есептік кездесуде түрлі мәселелер айтылды. Оның ішінде алкоголь сақтау және сату үшін жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерлерін реттеу де, ЕАЭО және ТМД елдері арасындағы жүк тасымалдау мәселелері де, бизнестің басқа да өзекті мәселелері де бар. Осы мәселелердің барлығы ерекше бақылауға алынды. Бүгінде кейбір мәселелер шешімін табуда. Мәселелердің бір бөлігі пысықтау сатысында жатыр. Республикалық деңгейде де, өңірлік деңгейде де әрбір мәселеге бір-бір сарапшыдан бекітілген. Кейбір мәселелер бейіндік комитеттер жанындағы жұмыс топтарында талқыланып та жатыр. Мәселен, ЖЛА (жыл сайынғы лицензиялық алымға) қатысты Ұлттық палата әкімшілік-аймақтық  бірлік санатын қайта қараумен алкоголь өнімін сақтау және бөлшек сату үшін жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерлемесін төмендетуді көздейтін салық саясаты жағынан Заң жобасы тұжырымдамасына ұсыныстар енгізді, себебі Астана, Алматы қалалары үшін белгіленген мөлшерлемелерді республикалық (1 000,0 мың адамнан астам халқы бар) және облыстық (50,0 мыңнан астам халқы бар) маңызы бар (мысалы, Астана және Степногор, Алматы және Балқаш) қалалар үшін белгіленген мөлшерлемелермен салыстыруға болмайды.

ҚР ҰКП аталмыш ұсынысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жанындағы біріккен Салық және Кеден кодекстері жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобы мүшелерінің қарағанын және келіскенін атап өту керек. Коммерциялық ұйымның кейін өтеуін төлеп алумен жалға алған 9 автокөлік құралын қайтарудың мүмкін еместігі жайына қатысты мәселе. Осыған байланысты Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары аталмыш мәселені зерттеп білгеннен кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 189 (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) және 190 (Алаяқтық) баптарында көзделген қылмыс құрамының белгілері анықталды. Барлық материалдар СҚО Ішкі істер департаментіне жіберілді. Аталмыш мәселе Палатаның тұрақты бақылауында болды. Жедел әрі үйлесімді іс-шаралардың арқасында полиция қызметкерлері барлық 9 автомашинаны шаруашылық етуші субъектіге қайтарды. Мәселенің құны - 9 801 000 теңге. Кездесуде сөз болған тағы бір мәселе «ҚАЗАГРОФИНАНС» АҚ тарапынан шарттық міндеттемені бұзуға қатысты болды. Акционерлік қоғам Солтүстік Қазақстан облысы ауылшаруашылық құрылымдары жеткізіп берген техника және ауылшаруашылық жабдық үшін 36 450 000 теңгені төлемеген. Аталмыш соманы төлеу бойынша берешек 3 айлық мерзімнен асып кеткен.

Бұл өтініш Омбудсмен қызметін қамтамасыз ететін орган ретінде СҚО Кәсіпкерлер палатасының құқықтық блогының қарауына берілді. 2016 жылғы 15 шілдеде өтінішті қарау барысында Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы «ҚАЗАГРОФИНАНС» АҚ Басқарушы директоры Е.Е.Оспановқа 3 айлық берешек бойынша «AVAGRO» ЖШС шарттық міндеттемелері мен заңды мүдделерін бұзу туралы талаппен және бұзушылықтарды тез арада жою, 36 450 000 теңгені құрайтын шарттық соманы төлесін деген өтінішпен жүгінді. Нәтижесінде 2016 жылғы 20 шілдеде «ҚАЗАГРОФИНАНС» Акционерлік қоғамының «AVAGRO» ЖШС алдындағы берешегі толық көлемде жабылды.

http://mygorod.kz/?p=10595

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі