Баспасөз хабарламалары

07.08.2016

«Қазагрофинанс» АҚ жеткізіп берген техника үшін Солтүстік Қазақстан облысындағы фирмаға 36 млн теңгеден астам қарызын төледі

3587

Петропавл қаласында өңірдегі Кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен «Avagro»  компаниясының «Қазагрофинанс» акционерлік қоғамынан қарызын алу жөніндегі түйткілі шешімін тапты, деп хабарлайды BNews. kz тілшісі. 

СҚО КП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Жеңіс Қазиев БАҚ өкілдеріне брифингте солтүстік-қазақстандық «Avagro» фирмасының үш айдан астам уақыт бойы жеткізілген техника мен ауылшаруашылық жабдығы үшін ақшасын ала алмай жүргені жайлы ақпарат берді. Ұлттық компанияның қарызы 36 млн теңгеден асып түскен.

«Avagro» ЖШС басшысы Николай Ерохин  бұл түйткіл жайлы Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовке 14 шілде күні СҚО-ға жасаған сапары барысында айтып берді. Түйткілді шешуге облыстағы Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері кірісті. Олар «Қазагрофинанс» АҚ Басқарушы директорына туындаған үш айлық берешек бойынша «Avagro» ЖШС шарттық міндеттемелері мен заңды мүдделерінің бұзылғаны жайлы талаппен жүгінді. Палата сарапшылары және «Қазагрофинанс» АҚ өкілдерімен арада болған сындарлы сұхбаттың арқасында компания кәсіпкерлер алдындағы қарызын толық жапты», - деді Жеңіс Қазиев.+

«Avagro» ЖШС өкілі Николай Калинин СҚО Кәсіпкерлер палатасында өткен брифинг кезінде бизнес-омбусмен мен Кәсіпкерлер палатасы мамандарына көрсеткен құқықтық қолдау үшін алғысын білдірді.

СҚО Кәсіпкерлер палатасы берген деректерге сүйенсек «Қазагрофинанс» АҚ-ның «Avagro» ЖШС алдындағы берешегі толық көлемде жабылған.

Светлана БОЯРСКАЯ
BNews. kz

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі