Жаңалықтар

13.03.2026

КҚҚУ Кеңесшісі Сафарул Йылмаз референдумды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб құрамына кірді

5

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кеңесшісі Сафарул Йылмаз 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылатын Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында еңбек ұжымдары мен жұртшылық өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Алдағы референдум ел өміріндегі маңызды саяси оқиғалардың бірі болмақ. Әрбір азамат мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуына ықпал ететін шешім қабылдайды.

Осыған байланысты Бизнес-омбудсмен институтының өкілі «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» республикалық референдумды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб жұмысына белсенді қатысып, ақпараттық-түсіндіру науқаны аясында спикер ретінде сөз сөйледі.

Ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында ақпараттық-түсіндіру топтарының құрамында С. Йылмаз «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясы» аппаратының қызметкерлерімен, «Булат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС және «Богатырь Көмір» ЖШС еңбек ұжымдарымен, Екібастұз қаласының педагогикалық қауымдастығы және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері, оның саяси жүйенің одан әрі дамуы мен мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайтудағы маңызы талқыланды.

Ел халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган ретінде азаматтық қоғам белсенділерінен қалыптастырылатын Халық Кеңесі құрылатын болады.

Конституцияда кәсіпкерлік үшін іргелі маңызға ие бірқатар нормалар қамтылған. Негізгі заң жобасында экономикалық еркіндіктің негізгі қағидаттары дәйекті түрде бекітілген – жеке меншікке кепілдік беру, кәсіпкерлік қызмет еркіндігі, заң алдында баршаның теңдігі және адам құқықтарын қорғау. Бұл тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ететін берік құқықтық негіз қалыптастырады. Кәсіпкерлік қауымдастық үшін бұл неғұрлым болжамды әрі ашық реттеуші ортаға қадам басуға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде елдің инвестициялық тартымдылығының негізгі факторларының бірі болып табылады.

Түсіндіру жұмыстарының негізгі тақырыптарының бірі азаматтық борыш мәселесі, яғни ел азаматтарының конституциялық құқықтарын жүзеге асыруы болды.

«Сайлау және сайлану құқығы – Қазақстан Республикасының әрбір азаматына тиесілі мызғымас құқық. Ол өткенде де болды, қазір де бар және болашақта да сақталады. Бұл құқықты жан-жақты пайдаланып, кейінгі ұрпаққа азаматтық борышты орындаудың және өз құқықтарын жүзеге асырудың үлгісін көрсету қажет. Әрқайсымыз ортақ болашағымыздың жасаушысы болайық», – деп атап өтті С. Йылмаз.

Референдумға қатысу – әрбір азаматтың өз ұстанымын білдіріп, елдің болашағына үлес қосуына берілетін мүмкіндік.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі