Жаңалықтар

26.12.2025

Құрметті кәсіпкерлер, әріптестер мен достар!

70

Өтіп бара жатқан 2025 жыл Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл институтының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында нормативтік-құқықтық жағдайларды түзетуге нақты мүмкіндігі бар екенін көрсетті.

Өткен жыл қорытындысы бойынша Мемлекет басшысымен өткен кездесу айрықша маңызға ие болды. Соның арқасында Үкіметтің ұстанымына балама түрде кәсіпкерліктің құқықтық қорғалуындағы ахуал жөніндегі көзқарасты жеткізуге мүмкіндік туды. Нәтижесінде бизнеске әкімшілік қысымды төмендету және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері ең жоғары деңгейде қағидаттық қолдауға ие болды.

Жылдың маңызды нәтижелерінің бірі – Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл институтының ұсыныстары Сенат Төрағасы мен депутаттары тарапынан қолдау тапты. Бұл ұсыныстар ҚР Үкіметіне, құқық қорғау және сот органдарына, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-ға жолданған Сенаттың ұсынымдарының негізіне айналды.

ҚР Үкіметіне, атап айтқанда Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігіне ҚҚС бойынша алдын ала төлемді барынша қысқарту, мәмілелерді тексерусіз жоюды тоқтату, кәсіпорындарды таратусыз жоюды болдырмау және салықтық әкімшілендірудің өзге де маңызды мәселелері бойынша қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. Өкінішке қарай, тек арнайы салық режимін (АСР) қолданатын субъектілерден алынған шығыстарды шегеруге тыйым салу мәселесі қолдау таппады.

 Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауының инвестициялық ахуалды дамыту үшін әділ құқық шығармашылығы мен құқық қолдану бөлігіндегі қағидаттары мен үшін алдағы жұмыста стратегиялық бағдар болды.

Осыған байланысты келе жатқан 2026 жылды біз ҚР Президенті Әкімшілігімен және «Атамекен» ҰКП-мен келісілген Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің Кәсіпкерлікті қорғау стратегиясын кезең-кезеңімен іске асыру жылы ретінде қарастырамыз. Біздің жұмысымыздың негізгі назарында ұйымдасқан қылмыс ұғымының формальды-логикалық айқындылығын заңнамалық тұрғыдан жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының көрінеу заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі және өзге де ерікті құқық қолдану үшін жеке материалдық жауапкершілігін белгілеу мәселелері болады.

«Атамекен» ҰКП-ның барлық әріптестеріне, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің Секретариатына және қоғамдық өкілдер штабына Бизнес-омбудсмен аппаратының жұмысындағы белсенді ұстанымы, кәсібилігі және ел экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымды білдіремін!

Баршаңызды 2026 Жаңа жылымен құттықтай отырып, ертеңгі күнге деген батыл сенім тілеймін! 

Құрметпен,
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл
Нұров Қанат Ілияұлы

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі