Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
ҚР Парламенті Сенатыныңдепутаттары Бизнес-омбудсменнің бастамаларын қолдады
2025 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Қанат Нұровпен кездесу өткізді.
Іс-шара Қазақстан халқына арналған Президенттің «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауын іске асыру аясында Конституциялық заңнама және экономикалық саясат комитеттері тарапынан ұйымдастырылды.
Талқылаудың негізгі тақырыбы инвестициялық ахуалды жақсарту мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың негізі ретінде заң үстемдігін қамтамасыз ету болды.
Кездесуді аша отырып, Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мен құқықтық тәуекелдерді азайту орнықты экономикалық өсудің аса маңызды факторлары екенін атап өтті.
Кездесу барысында Бизнес-омбудсмен Қанат Нұров елдегі инвестициялық ахуалға теріс әсер ететін жүйелі мәселелерге талдау ұсынды. Әсіресе мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін реттеушілік әсерді талдау рәсімінен шығару, экономикалық құқық бұзушылықтарды негізсіз қылмыстандыру, құқық қолданудың еріктілігі, сондай-ақ қабылданатын шешімдер үшін лауазымды тұлғалардың жеке материалдық жауапкершілігін енгізу қажеттілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар құқықтық жүйеде сақталып отырған дисфункциялар кәсіпкерлерде қорғалмағандық сезімін қалыптастырып, мемлекеттік органдарға деген сенімді әлсірететіні және инвестициялық белсенділікті тежеп отырғаны атап өтілді.
Осыған байланысты Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл алдағы заңнамалық өзгерістерге қатысты өз көзқарасын баяндады. Атап айтқанда, ұйымдасқан қылмыстық топ ұғымын айқындау, мемлекеттік қызметшілердің, тергеушілердің, прокурорлардың және судьялардың құқыққа қайшы әрекеттері немесе әрекетсіздігі үшін жеке азаматтық жауапкершілігін іске асыру, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау ісінде Бас прокуратураға жәрдемдесу мақсатында Бизнес-омбудсменнің өкілеттіктерін кеңейту мәселелері қозғалды.
Талқылау барысында мемлекеттік органдардың өкілдері кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және іскерлік ортаны жақсартуға бағытталған іске асырылып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.
2025 жылғы 25 желтоқсандағы кездесу қорытындысы бойынша Сенат депутаттары Бизнес-омбудсменнің ұсыныстарын қолдайтынын білдіріп, олардың негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Бас прокуратураға, Жоғарғы Сотқа және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына арналған ұсынымдар әзірледі.
Бизнес-омбудсменнің сөйлеген сөзіне сілтеме:
https://ombudsmanbiz.kz
Сенат ұсынымдарына сілтеме:
https://ombudsmanbiz.kz/





