Жаңалықтар

26.11.2025

Бизнес-омбудсменнің кандидатурасы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізуге бағытталған

154

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Канат Нұров корпоративтік басқару саласында заңнамалық реформалар жүргізудің қажеттілігі туралы ұсыныстарын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінеНРДА) және ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жолдаған болатын.

Осыған орай, келесі ұсыныстар енгізілді:

- акционерлік қоғамның барлық органдарын — акционерлердің жалпы жиналысын, директорлар кеңесін және басқарманы — өкілеттіктер мен жауапкершілік деңгейлерін айқындай отырып, корпоративтік басқару органдары ретінде заң жүзінде тану;

- директорлар кеңесін жедел басқару функциялары жоқ бақылау жүргізетін алқалы басқару органы ретінде заңнамалық тұрғыда айқындау;

- директорлар кеңесі мен атқарушы орган арасындағы жауапкершілікті бөлу қағидатын бекіту — жедел (оперативтік) басқаруға қатысты фидуциарлық міндеттерді тек менеджментке жүктеу;

- тәуелсіз директорларды тек миноритарлық акционерлер тағайындауы және кері шақырта алуы тиіс екенін, сондай-ақ миноритарийлер болмаған жағдайда олардың мәртебесінің мүмкін еместігін заңнамалық түрде белгілеу.

- корпоративтік хатшы институтын корпоративтік басқару және менеджмент рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ететін тәуелсіз кепілгер ретінде күшейту;

- инвесторлардың шектеулі жауапкершілігі және заңды тұлға мүлкінің оқшаулануы қағидатын іске асыруды қамтамасыз ету — «өтпелі» жауапкершілікке жол беретін құқықтық нормалар мен практикасын жою.

Өз тарапынан ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) корпоративтік басқару жүйесінде құрылымдық реформалар қажеттілігін және корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған заңнамалық түзетулер пакетін әзірлеуді жоспарлап отырғанын растады.

Осы мақсатта ҚНРДА тиісті саладағы мүдделі мемлекеттік органдарды, қоғамдық және кәсіби бірлестіктерді, сондай-ақ халықаралық және отандық сарапшылар мен консультанттарды тарта отырып, жұмыс тобын құруды бастамалады.

Аталған жұмыс тобының құрамына Нұров Қ. І-ның кандидатурасы жіберілді.

Бизнес-омбудсменнің ұсыныстары мен ұсынымдары Қазақстандағы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша одан арғы нормашығармашылық жұмыс аясында қаралатын болады.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі