Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
КҚҚУ кеңесшісі Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшісімен кездесті
22 қазан күні Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің кеңесшісі Сафарауль Йылмаз Өзбекстандағы Қазақстан Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Медет Қанатұлы Рахметолламен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Өзбекстандағы қазақстандық бизнестің мүдделерін тиімді қорғау мақсатында өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.
Елшілік Өзбекстан аумағында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру барысында қиындықтарға тап болып жүрген қазақстандық кәсіпкерлерден тұрақты түрде өтініштер алады. Тараптар дипломатиялық өкілдік осындай жағдайлар туралы дер кезінде Қазақстан Бизнес-омбудсмені кеңсесіне хабарлап отыруға уағдаласты.
Кездесу барысында, сондай-ақ, қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау және қорғау жөніндегі алдағы жұмыс екі елдің бизнес-омбудсмендері арасында бұрын қол қойылған Меморандум аясында жалғасатыны атап өтілді.






