Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Бизнес-омбудсмен Қанат Нұров Мемлекет басшысының қолынан «Құрмет» орденімен марапатталды
Республика күні ұлттық мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстанның Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Қанат Ілияұлы Нұров «Құрмет» орденімен марапатталды.
Марапаттау рәсімі 2025 жылғы 24 қазанда сағат 11:00-де Ақордада өтті. Мемлекет басшысы марапатты жеке өзі табыс етті.






