Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Құрметті әріптестер, кәсіпкерлер, отандастар!
25 қазанда Қазақстан Республика күнін атап өтеді. 1990 жылғы дәл осы күні қабылданған Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы еркін кәсіпкерлікке арналған нарықтық жағдайлары бар қазіргі Қазақстанның қалыптасуындағы бастау нүктесі болды.
Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл шеңберінде Бизнес-омбудсмен институты заңнаманы жетілдіру арқылы, соның ішінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының бизнеске қатысты қабылданатын шешімдер үшін жеке жауапкершілігін арттыру жолымен, әкімшілік қысымды азайтуға ықпал етуде.
Барша кәсіпкерлерге тұрақты даму мен ертеңгі күнге сенімділік, сондай-ақ Республика игілігі жолында мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестіктің нығая түсуін тілеймін!
Құрметпен,
Қазақстанның Бизнес-омбудсмені
Қанат Нұров





